«Физика» пәнінен Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып


«Айнымалы ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет4/14
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#115005
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
СОР Физика 11 ОГН каз

«Айнымалы ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күші максималды және әсерлік мәндері ) қолданып, айнымалы токты сипаттау 11.4.3.5 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру
11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.4 - резонанстық жиілікті есептеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Электр энергиясын тасымалдау процесін трансформатор қанша есе энергия шығынын азайтатындығын түсіндіре отырып есептейді Гармоникалық тербеліс графигі арқылы

амплитудалық, әсерлік мәндерді анықтайды

  • Резонанс құбылысын түсіндіреді


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты
Тапсырма

30 минут

1. (а) Электр станцияларының қасында қандай трансформатор қолданылады?
[1]
(b) орам сандарының қатынасы 𝑁1 = 0.05 трансформатор қанша есе энергия шығынын
𝑁2
азайтады?
[3]

  1. 2-суретте 50 Гц жиіліктен тербелетін айнымалы кернеудің уақытқа тәуелділік графигі берілген.


2-сурет Анықтаңыз:

    1. Графиктегі 𝑡1 уақытты,


    1. Кернеудің максималды мәнін,


    1. Кернеудің әсерлік мәнін,


    1. Кернеудің орташа мәнін.

[4]

  1. Айнымалы ток көзі кедергісі 2,4 Ом болатын резисторға тізбектей жалғанған. 2-суреттегі мәліметтерді пайдаланып резистордың тұтынатын қуатын есептеңіз.

[2] 4. Кернеудің амплитудалық мәні тұрақты, ал гармоникалық тербелістер жиілігін өзгертіп отыруға болатын айнымалы ток генераторына үш белгісіз А, В және С элементтерін қосу арқылы ток күшінің жиілікке тәуелділік графиктері алынды (3-сурет).
:
3-сурет

    1. Графиктегі әріптердің тізбекке қосылған элементтермен сәйкестігін анықтаңыз

      1. Актив кедергі

      2. Конденсатор

      3. Катушка

      4. Актив кедергіден, конденсатордан және катушкадан тұратын контур.


А

В

С





    1. Резонанстық тізбектер не үшін қолданылады?

    2. Резонанстық жиілікті есептеу формуласын жазыңыз.

[5]
Жалпы балл: 15

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Электр энергиясын тасымалдау процесін
сипаттайды

1

Электр станцияларының қасында қандай трансформатор қолданылатындығын жазады

1

Орам сандарының қатынасын ескере отырып, трансформатор қанша есе энергия шығынын азайтатындығын дұрыс есептейді

1

1

1

Гармоникалық
тербеліс графигі арқылы амплитудалық, әсерлік мәндерді
анықтайды

2

Графиктен мәліметтерді анықтай отырып, уақытты тапты

1

Кернеудің максималды мәнін анықтады

1

Кернеудің әсерлік мәнін тапты

1

Кернеудің орташа мәнін анықтады

1

3

Қуатты есептеу формуласын біледі

1

Резистордың тұтынатын қуатын есептеді

1

Резонанс құбылысын
түсіндіреді

4

А графигіне сәйкес келетін элементті тапты

1

В графигіне сәйкес келетін элементті тапты

1

С графигіне сәйкес келетін элементті тапты

1

Резонанс құбылысының қолданылуын
түсіндірді

1

Резонанстық жиілікті есептеу формуласын жазды

1

Жалпы балл







15

«Айнымалы ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _________________________________________



Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Электр энергиясын тасымалдау процесін трансформатор қанша есе энергия шығынын азайтатындығын
түсіндіре отырып
есептейді

Электр энергиясын тасымалдау процесін трансформатор қанша есе энергия шығынын азайтатындығын түсіндіре отырып есептеу қиындық туғызады


Электр энергиясын тасымалдау процесін трансформатор қанша есе энергия шығынын азайтатындығын түсіндіре отырып есептеуде қателер жібереді


Электр энергиясын тасымалдау процесін трансформатор қанша есе энергия шығынын азайтатындығын
түсіндіре отырып дұрыс есептейді


Гармоникалық тербеліс графигі арқылы амплитудалық, әсерлік мәндерді анықтайды

Гармоникалық тербеліс графигін оқи алады /амплитудалық, әсерлік, орташа мәндерді анықтайды / тербеліс периодын анықтау қиындық тудырады.

Гармоникалық тербеліс графигін оқиды / амплитудалық, әсерлік, орташа мәндерді және тербеліс периодын анықтайды / тұтынатын қуатты есептеуде қателеседі.

Гармоникалық тербеліс графигін оқиды / амплитудалық, әсерлік, орташа мәндерді және тербеліс периодын анықтайды / тұтынатын қуатты есептейді.

Резонанс құбылысын
түсіндіреді

Резонанс құбылысының қолданылуын түсіндіреді / резонанстық жиілікті есептеу формуласын біледі / ток күшінің жиілікке тәуелділік графигін сипаттау қиындық тудырады.


Резонанс құбылысының қолданылуын түсіндіреді / резонанстық жиілікті есептеу формуласын біледі / ток күшінің жиілікке тәуелділік графигін сипаттауда қателеседі.


Резонанс құбылысының қолданылуын түсіндіреді / резонанстық жиілікті есептеу формуласын біледі / ток күшінің жиілікке тәуелділік графигін түсінеді.


11
2-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Электромагниттік толқындар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау; 11.5.1.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) мен детектрленуін сипаттау;
11.5.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру;

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Электромагниттік толқындардың қасиеттерін сипаттайды

  • Жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің детектрленуін сипаттайды

  • Аналогтық және сандық сигналдарды ажыратады және артықшылығын түсінеді


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну

Орындау уақыты

30 минут

Тапсырмалар


  1. а) Ауада таралатын дыбыс және электромагниттік толқындардың толқын ұзындығы 10 см. Екі толқынды сипаттаңыз (естіледі, естілмейді; жарық, радиотолқын және т.б.).

[1]
ә) Неліктен екі толқынның толқын ұзындығы бірдей болса да, қасиеттері әртүрлі?
[1]

  1. Қандай заттар электромагниттік толқындарды жақсы шағылдырады: металдар немесе диэлектриктер? Себебін түсіндіріңіз.

[2]

  1. График бір жиілікті ақпараттық сигналмен модуляцияланған тасымалдаушы толқынның қуат спектрін көрсетеді.


а) Атауын көрсетіңіз

      1. осы радио сигналдың модуляциясының түрі …………………………………………..

[1]

      1. 100 кГц жиілік компоненті ……………………………………………………………….

[1]

      1. 90 кГц және 110 кГц жиіліктер компоненттері ………………………………………...

[1]

      1. Радиосигналдың өткізу қабілеттілігін көрсетіңіз

Өткізу қабілеті = ………………………….. кГц [1]

  1. AM (амплитудалық модуляция) нені білдіретінін түсіндіріңіз.

[1]

  1. Ақпараттар аналогтық немесе сандық түрде берілуі мүмкін.

а) Сұрақтарға жауап беріңіз

    1. сандық сигнал деген не? …………………………………………………………………… [1]


    1. аналогтық берумен салыстырғанда деректерді сандық берудің екі артықшылығы.


      1. ………………………………………………………………

      2. ………………………………………………………………[2]

ә) Суреттегі блок-диаграмма музыканың сандық берілуін білдіреді.

Атын атаңыз
Y деп белгіленген блоктар, ………………………………………………………………..
[1]
Х деп белгіленген блок, ……………………………………………………………………
[1]
(ii) Параллельді-тізбекті түрлендіргіштің қызметін сипаттаңыз.
[1]
Жалпы балл: 15
13



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет