Менделеев-Клапейрон теңдеуі тақырыбына арналған жадынама
Менделеев-Клапейрон теңдеуі өзара бес физикалық шамаларды байланыстырады – р, v, T, M, m – және белгілі төрт шамалар арқылы бесіншісін анықтауға мүмкіншілік береді.
Менделеев-Клапейрон теңдеуі және одан шығатын газ заңдарын қалыпты жағдайда жақын ( t=00 c, р=1,013*105 Па) күйде тұрған газдарға, онымен қоса сиретілген газдарға үлкен дәлдікпен қолдануға болады.
Егер газдың қысымы үлкен болса, яғни молекулалардың өзара әсерлесуін елемеуге болмаса, онда идеалды газ моделі жарамайды.
Идеалды газ күйінің теңдеуінен дербес газ заңдарын алуға болады:
Газ күйінің негізгі параметрлер арасындағы тәуелділік графиктері тақырыбына арналған жадынама
Кез келген газ заңы газдың кейбір күйін немесе күйінің өзгерісін сипаттайды. Газдың бір күйден екінші күйге ауысуын процесс деп атайды.
Тұрақты температурада (Т=const) өтетін процесті – изотермиялық; тұрақты қысымда (р=const) өтетін процесті изобаралық; тұрақты көлемде (V=const) өтетін процесті изохоралық деп атайды.
Барлық процестер жазықтықта келтірілген графиктер арқылы сипатталады.
Термодинамика негіздері Термодинамиканың 1 заңы тақырыбы бойынша есептер шығару алгоритмі Есептің шартын талдап, ішкі энергияның өзгеру себебін анықтаңдар.
Жылу процестер үшін энергияның сақталу және айналу заңын жазыңдар: -жалпы жағдай; - механикалық жұмысты жасамағандағы дененің ішкі энергиясының өзгерісі; - жасалған жұмыс арқасында ғана дененің ішкі энергиясының өзгерісі; - ішкі энергия өзгермейді: жылу алмасуға қатысатын бір денелер қызады ал басқалары суиды.
ПӘК берілген есептерде, оны берілген энергияға көбейтіңдер.