процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;
қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
Талдау:
эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді;
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Сипаттама
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну
Білу:
материялық нүкте, жол, жылдамдық, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, потенциалдық және кинетикалық энергия, күш моменті, геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйе ұғымдарын;
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
жылдамдықты, тығыздықты, күшті, қысымды, жұмыс пен қуатты анықтау формулаларын, Гук, Архимед заңдарын,
«Механиканың алтын ережесін» және физикалық тұрақты шаманы(g);
Түсіну:
физикалық құбылыстарды;
жылдамдықтың, тығыздықтың, күштің, қысымның, жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын, механика заңдарын;
физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады