«физика» ПӘнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


деңгейі Сипаттама



бет3/10
Дата25.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#59534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
9 физика ТЖБ

деңгейі



Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • бастапқы физикалық ұғымдарды;

  • сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

  • физикалық құбылыстарды.

Түсіну:

  • шамалардың физикалық мағынасын, сәйкес бөлімдердің негізгі терминдері мен заңдарын;

  • физикалық құбылыстардың маңыздылығын.

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Қолдану

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/не месе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Талдау:

  • эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.

Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;

  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет