Көптеген елдерде ұрықтың (дамушы нәрестенің) суреттерін ультрадыбыстық (эхография) көмегімен алуға болады. Ультрадыбыс ана мен ұрық үшін қауіпсіз деп саналады.
Дәрігер ананың ішін датчикпен сыртынан жүргізеді. Ультрадыбыстық толқындар іш қуысына өтеді. Іш қуысының ішінде толқындар ұрықтың бетінен шағылысады. Шағылған толқындар қайтадан сенсорға түсіп, ұрық бейнесін жасайтын аппаратқа беріледі.
Сұрақ 1. Ұрықтың бейнесін жасау үшін ультрадыбыстық аппарат ұрық пен датчик арасындағы қашықтықты есептеуі керек. Ультрадыбыстық толқындар іш қуысында 1540 м / с жылдамдықпен таралады. Ұрық пен датчик арасындағы қашықтықты есептеу үшін ультрадыбыстық аппарат нені өлшеуі керек?