Ас бөлмеге байланысты есеп шығару. Әдетте, ас бөлмеде терезе болады.Ол терезенің өлшемі а=1,2 м;в=1,3 м. Қыс мезгілі, терезе әйнегінің 1/5 ауданын қырау басты. Қыраудың қалыңдығы һ=0,8 мм. Ас бөлмедегі 20 ℃ температурасында ауа терезенің әйнегіне буланғанда қанша көлемде жылу бөлініп шығатынын анықтаңыз.
Кесте деректерін пайдаланыңыз:
Ссудың=4200 Дж/кг*с; Lбудың=2,3*106 Дж/кг; Рсудың=1000кг/м3.
Тұрақты магниттерге мәтін берілді Сұрақ 1 : Бұл қара минералдың тығыздығы неге тең?
Сұрақ 2: Жасанды магниттер жасау үшін құрамында қандай металдары бар құйма қолданылады? (темір,кобальт,никель) Сұрақ 3: Екі магниттік компастың айырмашылығы неде
Бағдаршы түрінде жасалған магнит компаста қолданылады. Бұл керемет құрал шамамен екі мың жыл бұрын ойлап табылған. Алғашқы (ерте қытай) компас1-суретте көрсетілген. Ол оңтүстікті көрсеткіш деп аталған. Қазіргі заманғы (қарапайым) компас 2-суретте көрсетілген. 1-сурет пен 2-суреттердің магниттік бағдаршаның (компас бағдаршысы) басқа да магниттер сияқты екі полюсі бар. Олардың бірі географиялық солтүстікті көрсетеді, ол солтүстік полюсі (N), екінші ұшы — оңтүстік полюс (S) деп аталады. Осы символдар (атауларымен бірге) кез-келген магниттердің полюстерін белгілеу үшін қолданылады. Екі магниттік бағдаршаны бір-біріне жақындатып, әртекті магнит полюстері бір-біріне тартылатынын біртектес полюстері тебілетінін анықтауға болады. Осы заңдылық кез-келген магниттер үшін дұрыс.
Сұрақ 4: Магниттердің қолдану аясы өте кең. Медицинада магниттер қолданыла ма?
Дәл осылай тақырыпқа сай келетін тапсырманы таңдай беруге болады. Риза тапсырмасын орындау барысында оқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде физика сабағында алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді;
Демек оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру негізінде оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі көтеріледі;
Қиындығы жоғары есептерді шығару қабілеттері дамиды;
Оқушының дүниетанымы кеңейеді, зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Бұл оқушылар бойында креативті ойлау қабілетін дамытады.