108
аса жаңалардың жарқырауы деп саналады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мегафизика енді-енді өзінің спецификалық
теорияларын құрып жатыр. Мүмкін, олардың біріншісі - қара құрдым
физикасы. Қара құрдым - өте қызықты физикалық объектілер. Оларды бақылау
мүмкін еместігіне қарамастан, олардың бар және ғарышта үлкен орын
алатындығына ешкім күмәнданбайды. Шындығында,
екілік системаның
көрінбейтін компонентасын нейтронды жұлдыз сияқты анықтауға мүмкіндік
бар. Қара құрдымды оған құлайтын немесе маңында айналатын заттардың
(арекционды диск) облысынан шашыраған сәуле арқылы анықтауға болады.
Галактикада жоғарыда аталғандай мүмкіндіктері бар көптеген қара құрдым
табылған.
Квазарлар (квазижұлдызды радиокөздер) 1963 жылы ашылған. Олар
үлкен көлемді объектілер классы - квазижұлдызды көздер классына жатады.
Квазарлар мен квазижұлдызды объектілер - жұлдыздармен қоршалған алып
галактикалар ядросы. Бұл жарық көздер - олардың интегралдық жарықтануы
10
48
эрг/с (біздің галактикамыздың жарықтануы 10
44
эрг/с). Толық энергия
шығару 10
61
-10
62
-ге жетеді. Сәуле шашушы ядро
дегеніміз - жұлдыздардың
шоғыры немесе қара құрдым болуы мүмкін. Қазіргі таңда атақты массивті қара
құрдым үлгісі. Осы бағыттағы зерттеулер жылдам қарқынмен жүріп жатыр.
Ғарыштық струналар - аса экзотикалық объект. Олар кеңістіктегі фазалық
өтулерден пайда болған кейбір топологиялық дефектілер. Олар қалыңдығы
Lcs~10
-29
-10
-30
және ғарыштық масштабпен тұйықталуы мүмкін болатын жіпке
ұқсас. Ғарыштық струналар әлі бақыланбады, олар теориялық зерттеулердің
объектісі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі, мегафизиканың
мәселелерінің қандай
маңызды екендігін көрсетеді. Олардың жолындағы зерттеулер қарқыны өте
жылдам. Ғалымдардың ойынша, мегаәлемнің облысындағы зерттеулері
болашақта күтпеген бағыт алуы мүмкін және жоғарыда келтірілген
объектілерді зерттеу ғылымға жалпы адамзатқа өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: