Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет58/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

В. К. Аркадьев (53-сурет). Владимир Константинович Аркадьев 21 
сәуірде 1884 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Гимназияда оқып жүрген кезінде 
ол физикаға қызығушылық білдіріп, қолдан аспаптар жасап, олармен 
эксперименттер жүргізіп жүрген. Мәскеу университетіне түсіп, алғашқы курста 
П.Н. Лебедевке эфир арқылы Жер қозғалысын анықтау бойынша тәжірибе 
жоспарын ала барған. Лебедев оған ең алдымен профессор А.П. Соколовтың 
физикалық практикумын өтіп, содан кейін өзіне зертханаға келуіне кеңес 
береді. Аркадьев дәл осылай жасайды да, Лебедевтің зертханасында 
сантметрлік толқындар облысында темірдің ферромагниттік қасиеттерін аса 
кішірейтуде маңызды ашу жасайды (52-сурет). 
52 сурет. - В.К. Аркадьев П.Н. Лебедевтің зертханасында 
Бұл ашылу оның алдағы ғылыми жолын анықтап берді, енді ол жоғары 
жиілікті өрістердегі ферромагнитті заттарды зерттей бастап, ферромагниттік 
резонансты тапты. Сонымен қатар, Аркадьев магнитік дисперсияны зерттеп, ол 
облысты магниттік спектроскопия деп атады.


114
53 сурет. - В.К. Аркадьев 
Айнымалы электромагниттік өрістегі заттардың 
сипатына қарай, Аркадьев Максвелл теңдеулерін үш 
белгілі 
коэффициенттермен: 
ε 
диэлектрлік 
өткізгіштік, μ магниттік өткізгіштік және ρ электрлік 
өткізгіштікпен қатар, төртінші айнымалы өрістердегі 
ферромагнетиктегі жылулық шығынды сипаттайтын р 
магниттік өтімділікті еңгізе отырып жалпылауды жөн 
көрді. Осы төрт коэффициенттермен сипатталатын 
ортаны Аркадьев биокомплексті деп атады. 
Аркадьев Лебедевпен бірге университеттен 
кеткеннен кейін, Шанявский университетінде өзінің 
Френель дифракциясының әр түрлі жағдайларындағы 
фотосуреттері бойынша тиімді тәжірибелерін іске 
асырды. 
Ол алған фотосуреттер 1912 жылдың «Журнал Русского физико-
химического общества» және «Physikalische Zeitschrift» журналдарында жарық 
көріп, Кеңес елінде және шет елде физикаға енді. Ол сол жерде Баклинмен 
бірігіп, болашақта жоғары вольтты үдеткіштерге айналған «найзағай 
генераторын» құрастырды. 
Көтерілістен кейін қайтып оралған В.К. Аркадьев магнетизм құбылысын 
зерттеу бойынша кең көлемді ғылыми жұмысты жазды. Ол «Магниттік 
коллоквиум» атты ғылыми үйірме және магнетизмнің зертханасын 
ұйымдастырды. Осы зертханада өзінің жары А.А. Глаголева-Аркадьева 1922 
жылы массалық сәуле шығарғыштың көмегімен, электромагниттік және 
инфрақызыл 
тербелістер 
облыстарындағы 
қысқа 
электромагниттік 
толқындарды алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет