18
Алғашқы
жаратылыстық-ғылыми
зерттеулер
процесі
монастырь
қабырғаларында болып жатты. Онда монахтар жинаған антикалық жазбалардан
пайда болған бай кітапхана жаңа ғылымның тууына әсер етті. XII ғ. бастап осы
тенденцияны сол кездегі университтер мен колледждер жалғастырып алып
кетті,
олар мысалы, Франциядағы Монпельедегі университет (1180 ж.
құрылған), Вингенце (1205 ж.) мен Падуадағы (1222 ж.) итальян
университеттері. Әрине, университеттегі негізгі пәндер дінмен байланысты
болды, бірақ сонымен қатар, жаратылыстық-ғылыми жұмыстар да біртіндеп
көбейіп отырды.
Орта ғасырлық Шығыста басқадай жағдай болды. Бұл уақытта ол жақта
ислам мемлекеті дамып жатты. Ислам діні б.э. XII ғ. Араб елінде пайда болды.
Бүкіл Шығыс ислам дінін қабылдады. Сауда мен
өндіріс арнасының кеңеюі
үшін араб елі арнайы білімдерді, алдымен жаратылыстық ғылыми білімді
қолдап отырған.
VIII-IX ғғ. Шығыста мәдениет пен ғылым тілі болған - араб тіліне
антикалық оқымыстылардың еңбектері аударылған. Солардың көбі араб тілінде
де, грекше нұсқасы сақталынбаған. Араб тілінде латын тіліне қарағанда
миллиондаған
адамдар сөйлеген, ал ол ғылым тілі ретінде бүкіл әлемге
таралған.
Араб халифаты елдерінде Еуропаға қарағанда медресе, университет
сияқты оқу орындары ерте пайда болған. 755 ж. Коровта (Испания), 735 ж.
Багдатта (Араб халифатының астанасы), 972 ж. Каирда университеттер
құрылған.
XI ғ. бастап мұсылмандар елінде суфизм – ислам «түбірлерін»
мистикалық оқу орын алды. Бұл «түбірлерді»
суфизм жақтаушылары Аллаға,
оның пайғамбарларына деген сенім деп ұқты. Исламға жатпайтын кейбір
оқуларды суфизм құптамаған. Олардың ішінде табиғатты, адам тәнін,
астрономияны оқып үйрену бар еді. Ислам әлемінде суфизмнің таралуы
жаратылыстық ғылымдардың күрт дамуына үлкен әсерін тигізді.
Араб
ғылымы өте жақсы, әсіресе, астрономия, механика, оптика
бағыттарында дамыған.
Астрономия.
Кеңістіктегі
бағдарлау
қажеттілігі
туғандықтан
астрономияны оқу пайда болды. Ислам дәстүрі бойынша намазды мұсылмандар
қаласы – Меккеге қарап оқу міндет болған. Соған қарап мешіттерді де салу
қажет еді. Астрономиялық объектілер бойынша ғана оған бағдар жасау мүмкін
еді.
Араб астрономиясы Аристотель мен Птоломейдің
жұмыстарында негіз
алған. Шығыстың ғұлама оқымыстысы астрономиямен айналысқан Мұхаммед
ибн Ахмед аль-Бируни (973-1048) болды. Ол астрономиялық және
географиялық дәл өлшемдерін жасаған, Жердің радиусын 6490 км мәнімен
анықтаған және Жер Күнді айналатынын айтқан.
Керемет астрономиялық жетістіктерге Шығыстың
басқа да ғұламалары
жеткен. Мысалы, Аль-баттани (850-929) және Ұлықбек (1394-1449)
планеталардың қозғалыс кестесі мен дәлдігі жоғары жұлдыздық катологтарды
19
құрған. Самарқандтың билеушісі ұлы Тимурдың немересі Ұлықбек, өз
қаласында керемет обсерватория салған, онда ол сол уақытта қолға түспес
қозғалыстарды бақылауға арналған құралдармен жабдықталған еді. Бұл
обсерватория қазір сол Орта ғасырлық ғылымның ғаламат ескерткіші болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: