Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет10/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

 
АЛЬ-БИРУНИ
Абу 
ар-Райхан 
Мухаммед 
ибн 
Ахмед 
(4 қазан 973 ж. – 13 желтоқсан 1048 ж.) 
Орта Азиялық ғалым, энциклопедист Абу ар-Райхан Мухаммед ибн 
Ахмед АЛЬ-БИРУНИ (3-сурет) Хорезм астанасы (қазіргі Өзбекстан) Кят 
қаласында дүниеге келген.
Бируни бала кезінен дүние, әлем туралы түсініктерге қызығушылық 
танытып, олар туралы көп мәліметтер жинады.
995 жылы жиырма жасар ғалым туған жерін тастап, Каспий теңізінің 
жағалауындағы Гурган атты билеушінің жеріне кетуге мәжбүр болды.
Туған жері Хорезмге Бируни 1010 жылы ғана оралды. Осы уақыт ішінде 
ол талай ғылыми жетістіктерге жетті. 
3 сурет. - Аль-Бируни 
Орталық Азиядағы ғылыми мекеме -Мамун 
Академиясын өзі құрып, абыроймен басқарды. Бұл 
Академияның жоғары деңгейлігі әлемге әйгілі 
ғалымдар есімдерімен: Абу-Али ибн Сина (әйгілі 
Авиценна) және алгебраның негізін салған Мухаммад 
ибн Муса аль Хорезмидің қызмет еткен еңбектерімен 
белгілі.
Өкінішке орай, бірнеше жылдардан соң ғалым 
отанын тастап кетті. 1017 жылы ауғандық сұлтан шах 
Хорезмнен өзінің қол астындағы ғалымдарын беруді 
талап етті. Бируни ержүректілігін танытты, Махмуд 
Газневидің үйінде 17 жыл қамауда болады.
Астрономия және астрология Бирунидің басты 
айналысқан ғылымы болды. 
Астрономиядан 39 еңбек, астрологиядан – 23 еңбек жазған. 1036-1037 
жж. ол өзінің басты астрологиялық еңбегі «Канон Масуданы» аяқтады. Бұл 
кітапта ол тригонометриялық әдіспен географиялық қашықтықты өлшеуді 
көрсетті. Қозғалмайтын радиусы 7,5 метр болатын квадрат, яғни, жұлдыздар 
мен планеталарды бақылау құралын ойластырды. Бұл құрал дүние жүзінде 400 
жылдай қолданылды.
Бируни эклиптиканың экваторға түсу бұрышын анықтап, оны ғасырлық 


23
өзгеріске әкелді. 1020 жылы оның қашықтықты өлшеу мәні 23°34'
0
- қа тең 
болды.
Индияға сапарында Бируни жердің радиусын есептеу әдісін анықтады, 
бұдан «жер домалақ пішінді» деген тұжырымға келді. Оның өлшеуімен Жердің 
радиусы 1081,66 фарс, яғни, 6490 км болды.
Ғалым 150-ден астам еңбегін (бізге 1/5 бөлігі жетті) астрономия, 
астрология, геодезия, математика, география, минералогия, физика, 
фармакология, философия, тарих, этнография және филология ғылымдарына 
арнаған. Бірінші болып жер глобусын құрастырды. Аль-Бируни косинустар 
теоремасын дәлелдеді.
Араб тілінде 40-тан астам еңбектерін жазды, соның ішінде «Өткен күндер 
ескерткіштері», «Канон Масуда» және де минералогия, медицина жайлы 
трактаттары бар. Оның 21 бөлімнен тұратын «Өткен күндер ескеркіштері» атты 
еңбегі - орта ғасырдағы ғылыми энциклопедия болып саналды. 
Аль-Бируни ақыр демі қалғанша ғылыммен айналысты. 1048 жылы 9 
желтоқсанда қайтыс болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет