Физикадан бақылау жұмыстары
I-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 7-сынып
I- нұсқа
«Физика» деген сөз нені білдіреді, қай тілден келген?
Физикалық денелерді атап шық.
Молекула деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Диффузия сөзін қалай түсінесің?
Заттың үш күйін атап шық.
Ұзындықтың негізгі бірлігі қалай аталады? Ол бірлікке еселік және үлес болатын бірліктерді атап шық.
Автомобиль 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен, ал келесі 27 км жолды 54 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?
II-нұсқа
Физика нені зерттейді?
Физикалық шамалар дегеніміз не?
3. Атомдар қандай бөлшектер?
Температура дегеніміз не?
Қатты дененің молекулалары қалай орналасқан?
Өлшеуіш аспаптың бөліктерінің құнын қалай анықтау керек?
Велосипедші алғашқы 0,5 сағатта 10 км жол жүрді. Келесі 12 минутта ол 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол соңғы 9 км жолда 18 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедшінің барлық жүрілген жолдағы орташа жылдамдығын табу керек.
II-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 7-сынып
I- нұсқа
1.Автомашина бензин құтысының сыйымдылығы 30 л.Оған толтыра құйылған бензиннің массасын есепте.
2.Болаттан жасалған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы қандай?
3. Болаттан жасалған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы қандай?
II- нұсқа
1. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 250 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы
18,7 кг/м³ болса, оның көлемі қандай?
2.Егер динамометрдің серіппесі 5 Н жүктің әсерінен 4 мм-ге созылған болса, онда салмағы 10 Н жүктің әсерінен ол қанша мм-ге созылады?
3. Екі арба әсерлескен кезде олардың жылдамдықтары 20 және 60 см/с-қа өзгерді.Үлкен арбаның массасы 0,6 кг. Кіші арбаның массасы неге тең?
III-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 7-сынып
I -нұсқа
1.Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
2.Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.
3. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін
анықтандар.
II- нұсқа
1.Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?
2.Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.
3 . Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды ығыстырып шығарады?
Достарыңызбен бөлісу: |