Физикалық есеп


Физикалық есептерді айтылу тәсіліне қарай төрт түрге бөлуге болады



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі25,11 Kb.
#35108
1   2   3
Байланысты:
Физика есебі

Физикалық есептерді айтылу тәсіліне қарай төрт түрге бөлуге болады:

  • мәтіндік;

  • эксперименттік;

  • графиктік;

  • сурет-есеп.

Олардың әрқайсысы өз кезегінде сандық (немесе есептеу) және сапалық (немесе сұрақ-есептер) болып бөлінеді. Сонымен қатар есептің негізгі түрлерін қиындық дәрежесіне қарай оңай және қиын, жаттықтыру есептері мен шығармашылық есептер және басқа типтерге бөлуге болады.


Физиканы оқыту процесінде мәтіндік есептер жиі қолданылады. Бұл есептер – шартты сөзбен берілген, дәлме-дәл, шартында физикалық тұрақтылардан басқа қажетті мәліметтер бар есептер. Шығару тәсілдеріне қарай оларды сұрақ есептер және есептеу есептері деп бөледі.
Сапалық (сұрақ-есептер)– бұл шығару кезінде қандай да бір физикалық құбылысты түсіндіруге (есептеулерді орындамай) немесе белгілі бір жағдайларда құбылыстың қалай болып өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. Әдетте, мұндай есептердің мазмұнында сан мәліметтер болмайды.
Сапалық (сұрақ-есептерді) шығару кезінде есептеулердің болмауы оқушылардың назарын есептің физикалық мағынасына аударуға мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушылыларды пайымдауға,физикалық зандардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.Сапалық (сұрақ-есептерді) шығару ауызша орындалады.
Сандық есептер – бұл есептерде қойылған сұрақтардың жауабын есептеулерсіз алуға болмайды. Мұндай есептерді шығарғанда сапалық талдау да қажет, бірақ оны процестегі қандай да бір сандық сипаттамаларды санау арқылы сапалық талдаумен (анализмен) толықтырады. Сандық есептер қиындығына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай есептер деп күрделі емес анализ бен жай есептеулерді қажет ететін, әдетте бір-екі амалмен шығарылатын есептер аталады. Мұндай есептерді шығару (азғантай мөлшерде) енді ғана оқып үйренілген заңдылықты нақтылау үшін қажет. Олардың неғұрлым оңайларын ауызша шығаруға болады.
Сандық есептерді шығару үшін:

  • арифметикалық, Есеп шығарудың арифметикалық тәсілінде арифметикалық амалдар қолданылады және есептеуде шамамен арифметикадан есеп шығарғандай жүргізіледі.

  • Алгебралық-есептерді шығарудың алгебралық тәсілі формулалар мен теңдеулерді қолданумен шектеледі

  • Геометриялық-геометриялық тәсілде – геометриялық теоремалар, ал графиктік тәсілде графиктер пайдаланылады

  • Графиктік тәсілдер- графиктік есептерді шығару процесінде графиктер қолданылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет