Мәтіндік есептердің қатарына абстрактілі есептерді жатқызуға болады, бұл күнделікті өмірде бақыланған құбылыстар мен процестер сөз болатын есептер, өндірістік – техникалық мазмұнды есептер және тарихи мазмұнды есептер. Кейде мәтіндік есептер қатарына «қызықты есептер» (занимательные) де жатқызылады.
Эксперименттік есептерді шығару барысында оқушылардың бақылағыштығы дамумен қатар, аспаптармен жұмыс істеудегі дағдылары жетіледі. Мұнда оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдардың мәнін тереңірек танып біледі.
Қарапайым есептер 1 – 2 формула мен заңдылықтарды, жеңіл экспериментті пайдалану арқылы шығарылады.
Жаттығу есептері көбінесе жаңа материалды бекітуге сұрақ ретінде шешіледі.
Физика есептерінің басым көпшілігінің мазмұны ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, транспорт, байланыс торабы, техника және т.б. туралы мәліметтерді қамтиды. Мұндай есептер политехникалық мазмұндағы немесе техникалық сипаттағы есептер деп аталады.
Техникалық мазмұндағы физикалық есептер - физикалық, техникалық және өндірістік сұрақтар шешімін қамтамасыз ететін есептер. Бұл есептің мазмұны болып физикалық құбылыстар немесе замануи техника және өндірістік үдерістер технологиялары механизмдері мен машиналары іс-әрекеті негізінде жатқан физикалық заңдылықтар болып табылады.
Есеп Тежелу басталғанда, локомотив бағдаршамнан 500 м қашықтықта еді және осы мезетте оның жылдамдығы 72 км/сағ болатын. Егер локомотив 0,1 м/с2 үдеумен тежелсе, 40 с өткенде оның бағдаршаммен салыстырғандағы орны.
Берілгені:
S2=500 м =20×40- =800-80=720 м
=72 км/сағ=20 м/с
=0.1 м/с2 =40 c