Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын



бет60/90
Дата28.03.2023
өлшемі173,3 Kb.
#76963
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90
Байланысты:
Физикалы География грек тілінен аудар анда ы ма ынасы гео-жер

Дүние жүзінің халқы

  1. Қоғамның негізгі өндіргіш күші және сонымен қатар жасалған барлық материалдық игіліктердің басты тұтынушысы: халық

  2. Алғашқы адамзаттың шыққан жері: Шығыс Африкадағы Ұлы жырақтар маңы

  3. Алғашқы адамдар палеолиттің соңында тараған: Африкадан Еуропа мен Азиға, Азиядан Америка мен Аустралияға, кейін мұхит аралдарына

  4. Алғашқы халық санақтары жүргізілді: б.з.д. ІІІ мың жылдықта Ежелге Қытай, Египет жерлерінде

  5. БҰҰ қаржы қоры жеткілікті елдерде халық санағын өткізіп тұруды ұсынды: 10 жылда 1 рет

  6. Тәуелсіз Қазақстандағы бірінші халық санағы өтті: 1999 жылы

  7. 1930 жылы дүние жүзінің халқының саны: 2 млрд адам

  8. 1962 жылы дүние жүзінің халқының саны: 3 млрд адам

  9. 1976 жылы дүние жүзінің халқының саны: 4 млрд адам

  10. 1987 жылы дүние жүзінің халқының саны: 5 млрд адам

  11. 1999 жылы дүние жүзінің халқының саны: 6 млрд адам

  12. Халық санының ХХ ғ. ІІ-жартсынан бастап күрт өсуі аталды: демографиялық жарылыс

  13. Адам ұрпағының үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін биологиялық (туу, өлу, табиғи өсу) процестер жиынтығы: халықтың өсуі


Халықтың ұдайы өсуінің типтері

  1. Халықтың ұдайы өсуінің типтері: дәстүрлі, өтпелі, қазіргі

  2. Дәстүрлі типі: туу – өте жоғары, өлу – өте жоғары, табиғи өсу – өте жоғары

  3. Халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі типі тән аймақтарға жатады: Африка мен Азияның артта қалған елдері

  4. Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, жұқпалы аурулардың кең таралуы, санитарлық тазалықтың сақталмауы және халық санының табиғат апаттар мен аштық салдарынан кемуінен болады: өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы (Африка мен Азияның артта қалған елдері)

  5. Өтпелі типі: туу – жоғары, өлу – төмен, табиғи өсу – жоғары

  6. Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі типі тән аймақтарға жатады: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары

  7. Халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына байланысты өлім көрсеткіштері азайған, ал туу көрсеткіштері жоғары деңгейде қалып отыр: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары елдерінде

  8. Қазіргі типі: туу – өте төмен, өлу – төмен, табиғи өсу – өте төмен

  9. Ұдайы өсудің қазіргі типі тән аймақтар: Еуропа елдері, Канада, АҚШ, Аустралия

  10. Мемлекет тарапынан жүргізілетін, халық санын реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы: демографиялық саясат

  11. Мемлекеттік деңгейде ең алғаш отбасын жоспарлау саясатын жүргізуді бастаған ел: Үндістан

  12. Мемлекет тарапынан халықтың санын шектеуге бағытталған саясат жүргізіледі: Қытай, Үндістан, Бангладеш

  13. Халық санын өсіруге бағытталған шаралар жүргізіледі: Франция, ГФР, Италия

  14. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым, халық санын, табиғи өсуі, жасы мен жыныстық құрамын т.с.с зерттейді: демография ( грекше demos – халық және grapho – жазамын)

  15. Халықтардың шығуын, мәдени тұрмыс ерекшеліктерін және олардың тарихи өзара қарым-қатынастарынзерттейтін ғылым: этнография ( грекше etnos – тайпа, халық)

  16. Ұдайы өсудің кемуі нәтижесінде, санының азаюы: депопуляция (французша depopulation – кему)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет