ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫ Дүние жүзі елдерінің әлемдегі орны, шекаралары, әкімшілік-аумақтық жіктелуі, астаналары, ірі қалалары бейнеленеді: Дүние жүзінің саяси картасында
Саяси картадағы саяси-географиялық өзгерістер деп айтуға болады: егеменді мемлекеттердің құрылуы, мемлекет атауы мен астанасының өзгеруі, мемлекеттің аумағының өзгеруі және т.б.
Соңғы уақыттарда болған саяси картадағы өзгерістер 1993 жылы бейбіт жолмен бөлінген қандай республикалар құрылды: Чехия мен Словакия
1990 жылы ГДР мен ФРГ бірігуінен пайда болды: Герман Федеративті Республикасы
1991 жылы КСРО-ның ыдырауынан неше ел тәуелсіздігін алды: 15
Югославия Федеративтік Республикалар Одағының ыдырауынан пайда болды: Хорватия, Словения, Македония, Босния, Герцоговина, Сербия, Черногория Республикалары
Эритрея тәуелсіздігін жариялады: 1993 жылы
Аралдық мемлекет Палау Республикасы құрылды: 1994 жылы
Камбоджа саяси мәртебесін өзгертті: конституциялық монархияға
1993 жылы Бельгияда енгізілді: федеративтік әкімшілік-аумақтық құрылыс
1997 жылы Заир Республикасы атын өзгертті: Конго Демократиялық Республикасы
Ұлыбританияның отары болған Сянган (Гонконг) 1997 жылы қай елдің құрамына өтті: Қытайдың
1999 жылы Португал отары болып келген Аомынь (Макао) қосылды: Қытайға
Дүние жүзінің саяси картасында: 250-ден аса ел мен аумақ бар
Халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер саны: 193
Жер көлемі бойынша ерекшеленетін елдер Микромемлекеттер: Ватикан, Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино т.б.
Халықтың саны бойынша көзге түсетін елдер (халқы 100 млн-нан асады): Қытай, Үндістан, АҚШ, Ресей, Индонезия, Бразилия, Пәкстан