Физикалық География грек тілінен аударғандағы мағынасы: гео-жер графо-жазамын


Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты



бет57/90
Дата28.03.2023
өлшемі173,3 Kb.
#76963
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90
Байланысты:
Физикалы География грек тілінен аудар анда ы ма ынасы гео-жер

Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты

  1. Аралдық елдер: Исландия, Шри-Ланка

  2. Топаралдық елдер: Жапония, Филиппин, Индонезия

  3. Түбекте орналасқан елдер: Үндістан, Грекия, Италия, Испания

  4. Теңіз жағалаулық елдер: Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия

  5. Теңізге шыға алмайтын елдер: Монғолия, Чад, Қырғызстан, Словакия (40 ел)


Ұлттық құрамы бойынша

  1. Бірұлтты елдер: Жапония, Корея, Швеция

  2. Көпұлтты елдер: Үндістан, Ресей

  3. Дүние жузі елдерін басқарудың негізгі 2 түрі таралған: Республикалық, монархиялық

  4. Заң шығаратын ең жоғарғы өкімет билігі сайланатын өкілетті орган парламенттің, атқарушы билік – үкіметтің қолында болатын басқару: Республикалық басқару

  5. Мемлекет басында король, император, принц, герцог, князь, сұлтан, т.б. басшылық ететін басқару түрі: монархиялық басқару

  6. Президенттік Республикада: президент өте үлкен басымдылыққа ие бола отырып, үкіметті өзі басқарады

  7. Президенттік Республикалар: АҚШ, Аргентина, Франция

  8. Парламенттік Республикада: басты тұлға президент емес, үкімет басшысы болып табылады

  9. Парламенттік Республикалар: ГФР,Италия, Үндістан, Израиль

  10. Дүние жүзіндегі монархиялы елдер: 29 (Еуропада – 12, Азияда – 13, Африкада – 3, Мұхиттық аралда – 1 )

  11. Теократиялық (теос – грекше құдай) монархия: мемлекет басшысы діни жетекші болып келетін басқару түрі

  12. Теократиялық монархия: Ватикан, Сауд Арабиясы, Бруней

  13. Конституциялық монархияда: заң шығару билігі – тек парламенттің қолында, ал атқарушы билікті тек өкімет жүргізеді. Монарх мемлекет символы ретінде патшалық етеді, бірақ басқармайды

  14. Конституциялы монархиялы елдер: Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Дания, Норвегия, Швеция, Испания, Жапония, т.б.

  15. Дүние жүзіндегі ең көне конституциялы монархиялы ел: Ұлыбритания

  16. Абсолюттік монархияда: монархтың билігіне мүлде шек қойылмайды. Монарх заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, ол қорғаныс министрі, жоғарғы сот және діни басшысы болып келеді

  17. Абсолютті монархиялы елдер: Бахрейн, Катар, Кувейт, Оман, БАӘ

  18. Дүние жүзі елдері әкімшілік-аумақтық құрылысына қарай 2-ге бөлінеді: унитарлы, федерациялы

  19. Парламенттің шығарған заңы бүкіл аумаққа бірдей таралып, әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) тікелей үкіметке бағынып, ортақ заң жүзеге асырылады: унитарлы мемлекетте

  20. Дүние жүзі елдерінің көпшілігі: унитарлы мемлекет

  21. Унитарлы мемлекеттер: Қазақстан, Франция, Қытай, Туркия, Египет, Колумбия, Украина, Венгрия, Италия

  22. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болатын жекелеген аумақтық құрылымдары (республикалар, провинциялар, автономиялар, штаттар, т.с.с) бар әкімшілік-аумақтық құрылыс: Федерациялы мемлекет

  23. Дүние жүзінде әкімшілік-аумақтық құрылыс федерация болып табылатын неше мемлекет бар: 20-дан астам

  24. Федерациялы мемлекеттер: Ресей, АҚШ, Малайзия, Үндістан, Нигерия, Эфиопия, ОАР, Аустралия, Канада және т.б.

  25. АҚШ тұрады: 50 штат пен Колумбия федералды округінен

  26. Ресей Федерациясы тұрады: 21 республика, 49 облыс, 6 өлке, 10 автономиялық округ,11 автономиляқ облыс, 2 федералды қаладан (Мәскеу, Санкт-Петербург)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет