Халықтың тығыздығы Дүние жүзі бойынша әр шаршы шақырымға: 49 адамнан келеді
Әлем бойынша халықтың 61%-ға жуығы тұрады: Азияда
Әр шаршы шақырымға 100 адамнан артық келетін халық мейлінше тығыз орналасқан аймақтарға жатады: Еуропа, Азияның кейбір аудандары (Унді-Ганг ойпаты, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, т.б.)
Халық өте сирек қоныстанған аудандарға жатады: Аустралияның шөлдері мен шөлейтті аудандары, Канаданың климаты қатал аудандары, Намибия, Суринам, Ливия елдері, Еуропаның солтүстік бөлігі, Амазонияның батпақты жерлері
Дүние жүзі бойынша халық өте тығыз орналасқан мемлекет: Бангладеш (1 км2 – 1000-нан аса адам)
Еуропаның «Ергежейлі елдерінің» ішіндегі ең тығыз қоныстанған мемлекет: Монако (1 км2-16,4 мың адам)
Халық өте сирек қоныстанған қоныстанған мемлекет: Монғолия (1 км2-1 адам), Аустралия (1 км2-2 адам)
Әлемде халық өте тығыз қоныстанған 5 аймақ: Шығыс Азия (1,5 млрд адам), Оңтүстік Азия (1 млрд адам), Оңтүстік-Шығыс Азия (500 млн адам), Батыс Еуропа (500 млн адам), Солтүстік Американың Ұлы көлдері мен Атлант мұхиты жағалауы (200 млн адам)
Тұрғылықты халқы жоқ материк: Антарктида
Халық территория бойынша біркелкі орналаспаған елдерге жатады: Аустралия, Канада
Аустралияды халықтың көпшілігі қоныстанған: оңтүстік-шығысында
Канадада халықтың көпшілігі қоныстанған: АҚШ-пен шекаралас оңтүстік аудандарда
Құрлықтың табиғат жағдайлары қатал немесеғ адамның өмір сүруіне қолайсыз болып келетін жері: 10%
Халықтың көші-қоны Көші-қонның негізгі 2 түрі: ішкі көші-қон, сыртқы көші-қон
Көші-қонның негізгі себептері: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси, ұлттық әскери, діни
Мемлекет ішінде болатын көші-қон: ішкі көші-қон
Мемлекеттер арасында болатын көші-қон: сыртқы көші-қон