Қазақстанның отын-энергетика кешені Қазақстанның отын-энергетика кешені негізгі 2 саладан тұрады: отын өнеркәсібі, электр энергетикасы
Көмір, мұнай, газ өндіруден тұрады: отын өнеркәсібі
СЭС (су электр станцияларында), ЖЭС (жылу электр станцияларында), АЭС (атом электр станцияларында) электр энергиясын өндіруден тұрады: электр энергетикасы
Көмір, мұнай, газ, судың құлау күші, ядролық энергия көздері жатады: энергетикалық ресурстарға
Мұнай өнеркәсібі Қазақстанда ең алғашқы мұнай фонтаны атқылады: 1899 жылы
Елімізде мұнай кен орындары шоғырланған неше маңызды алап бар: 14
Доссор кен орны игеріле бастады: 1911 жылы
Мақат кен орны игеріле бастады: 1915 жылы
Каспий қайраңында шамамен: мұнайдың қоры – 7 млрд. т, газ конденсаты – 1,6 млрд. т, табиғи газ – 5,9 трлн. м3
Каспий қайраңының ірі кен орындары: Қашаған, Құрманғазы, Ақтоты
Маңғыстаудың ірі кен орындары: Атырау,_Ақтөбе,_Батыс_Қазақстан,_Қызылорда_облысында_орналасқан'>Қаламқас, Қаржамбас (Бозащы түбегі)
Еліміздегі мұнай мен газдың негізгі қорлары: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облысында орналасқан
Республикамызда ең алғаш салынған мұнай өңдеу зауыты қай қалада жұмыс істейді: Атырау
Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары шикі мұнайды Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры арқылы келетін қандай кен орнымен жұмыс істейді: Батыс Сібір мен Қызылорда облысындағы Құмкөл мұнай кен орындарымен жұмыс істейді
Еліміздегі сапасы жөнінен жоғары бағаланатын мұнай: Ембі мұнайы (Себебі ондағы мұнайдың құрамында күкірт пен парфин аз)
Құрамында күкірт жоқ, қарамай аз, парфин мөлшері көбірек болып келеді: Маңғыстау алабының мұнайының
Мұнай өңдеуден қалған қатты қалдық: гудрон
Мұнай өңдеуден қалған сұйық қалдық: мазут
Әлемдегі ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады: Атырау облысындағы Теңіз кен орны
Теңіз кен орнын игеру мақсатында бірлескен қандай компания құрылды: «Теңізшевроил»
Газ өнеркәсібі Қазақстандағы қоры мол газ орындары шоғырланған: Маңғыстау облысында (6 трлн. м3 )
Еліміздегі ірі газ кен орындары: Қарашығанақ, Батыс Прорва, Шынар, Тасболат, Жамбыл облысындағы Амангелді
Еліміздегі газ өңдеу зауыты: Жаңаөзен (Теңізде жұмыс істейді)