Жаратылыстану институты биология кафедрасы



Дата28.04.2023
өлшемі126,54 Kb.
#87697
түріБілім беру бағдарламасы

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ





БӨЖ

Тақырыбы: : Қазақстанның КСРО өнеркәсібіне қосқан үлесі
Тексерген: Абдиханова.А.Е
Орындаған: «6В01509-Биология» білім беру бағдарламасының
1-курс студенті Оңғарбек Бақерке

Алматы, 2022-2023 жыл

Жоспары:
1.Кіріспе.1965-1985 жылдардағы Қазақстанды индустрияландыру
2.Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстанның КСРО өнеркәсібіне қосқан үлесі
2.2.Экономикадағы дағдарыс құбылыстарының өршуі
3.Қорытынды

1.Кіріспе


1965-1985 жылдары Қазақстанда индустрияландыру үрдістері біршама екпінді жүрді. Еліміз КСРО-дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды. Жалпы ішкі өнім көлемі бойынша республикамыз КСРО-да үшінші орын алды. Қазақстанда Кеңестер одағындағы металлургияның негізгі базаларынын бірі орналасып, мол ауқымдағы отын-энергетика кешені, дамыған химия саласы, көмір өндіретін өнеркәсіп жұмыс істеді, мұнай өндірудің (тіпті әлемдік стандарттар бойынша да) әлеуеті орасан зор болды.
Республикада одак бойынша хром өндірісінің 95%, бариттің 83%, фосфордың 90%, мыстың 30%, күмістің 50%-ы өндірілді. КСРО-ның қорғасын мен мырыш бойынша қажеттілігінің 70-80% қазақстандық кеніштер өтеді. Кен ауқымды кен кездері Қазақстанның өзінің металлургиясын ұлғайтуға мүмкіндік туғызды. Мысалы, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен одақтық ауқымдағы ірі зауыттар толык куатымен жұмыс істеді. Энергетикада электр куатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталыктандырылды. 1965-1985 жылдары ферроқорытпа, титан, молибден, вольфрам және сирек кездесетін баска да металлдар ендіру жолға қойылды. 1975 жылы республиканың барлык кәсіпорындары дерлік бір орталыктан энергиямен жабдықталды. Шевченко каласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өндеу саласындағы өсудің жылдык орташа каркыны 12%-ке жетті.
ХХ ғ. 70-жылдарынын басында 60-жылдардың ортасында басталған экономикалык реформаның коғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапкы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу токтатылып, тарихымыздағы токырау кезеңі басталған болатын. <<Токырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халык шаруашылығына бөлінген барлык каржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сиякты салаларда 3 еседен астам артты. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуык кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске косылды, өндірістің жана салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халык шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазакстан экономикасы қарқынды дами алған жок. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканын шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Казакстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз карауындагы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз каржы аударды. Міне, осындай және тағы да баска себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жана өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым MCH техниканын жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. - 1,0 млрд., 1983 ж. - 1,3 млрд., 1984 ж. 1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жок. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалык дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін калу күшейе түсті. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі максатка айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатка түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді камтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыган карамастан республиканын басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнынын, шахтанын, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың катарга косылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен акшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылыктар үсті-үстіне жинакталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. IX бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдык 25%-ке, ал он бірінші 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттык табыстын есу каркыны баяулап, 1980-жылдардың бас кезінде экономикалык токырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттык табысын 60-70%-ке өсіру міндеті койылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылык кызметкерлері ұлттық байлыкты молайту камын ойламай, кайта белгілі бір салаға материал мен енбекті, жұмыс уакытын көбірек жұмсап, оны кымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің «жалпы саны» өскенімен, бірак тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған баска елдерге карағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, баска да куаттарды едәуір кеп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді. Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жана шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен косылып шығатын газдың тек кана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу аркылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс аркылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, кайталап өңдеу, жана тауарлар шығару салалары баяу дамыды.
Өндірістің теңестірілмеуі, әкімшілік арқылы басқарылуы жағдайында жылдык, токсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазакстанда әртүрлі министрліктер мен ведомстволардын жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі кұрылыстарда бітпеген объектілер саны өсті, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, косып жазу, кұрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 1970-жылдарда құрылыста бригадалык-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның негізінде жу- мысшылардың өндірісте қорларды пайдалануда тәртіп орнату, енбекакы телеуде тенгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жаткан еді. Бригадалык мердігерлікті сөз жүзінде бәрі колдады және насихаттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұскаулар аркылы жокка шығарылды.
Бұл кезде Казакстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және Ғылыми-техникалык прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жок, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардын саны 818,8 мын адамга жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалык прогрестін жетістіктерін енгізу практикасында аз ыкпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістін бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды немесе кешенді механикаландырылды. 1980- жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр кол енбегін аткарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру жасанды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарыска жұмысшылардың 90% катысканымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, енбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ыкпалы болған жоқ. Өндірісте немкұрайдылык, салактык, ынта-жігерсіздік тағы баска да келенсіз керіністер үйреншікті әдетке айналды.
Токырау кезенін камтыган үш бесжылдык аралыгында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік мәселелерін шешу. шаруашылык есепті енгізу, ауылшаруашылык өнімдерінің сатып алу багасын арттыру шаралары белгіленді. Осы багытта тек 1971-1978 жж. ауылшаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылыгы проблемаларын тек курделі каржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлык секторда аса манызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өндейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ак село енбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалык проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада куткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, малшаруашылық өнімдерін ендіру темендеді.
Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардын саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-ка өсіп, 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді. Бірак, осыган карамастан колхоздық меншіктің одан әрі жетілуін байқауға болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында тұрып қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін есті.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дакылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен, мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтканда, жем-шөптік дакылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардын орнына IX бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн. койдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопаннын ауыр еңбегіне немқұрайды қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың енбек дәстүрін елемеу, халыктын ғасырлар бойы калыптаскан, сыннан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.
Бір айтып кететін жағдай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал бордакылайтын аландар салынды, малды өсіріп, күтетін мамандандырылған шаруашылык бірлестіктері, кұнажындар өсіретін фермалар кұрылды. Жалпы куаты 23 мың ірі кара малды жедел өсіріп, бордакылайтын төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мын басқа арналған «Жетіген», Шығыс Қазақстан облысында 5 мың баска есептелген «Ждановский». Орал облысында 5 мың баска арналған «Правда» газеті атындағы, Акмола облысында 3 мын баска арналған «Шалқар» кешендері жұмыс істеді. Қарағанды облысында шошка есіріп бордакылайтын «Волынский» кешені катарға қосылды. 1976 жылдың басына карай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошка, 1,7 миллионнан астам кой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.
Бірак, осы жылдарда ауыл шаруашылығында келенсіз жағдайлар калыптаса бастады. Мал аурулары көбейіп, нәтижесінде мал саны азайып кетті. Азық- түліктік астык өндіру жөнінен одакта алдынғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап баска жерлерден миллиондаған тонна астык сатып алып отырды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыкка сату ісі сұранысты қанағаттандырмады. Көліктің, элеваторлардың, коймалардын жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынган өнімнің 20%-тен 40%-ке дейінгісі ысырап болды. Ауыл тұрғындарының еңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларга, баска жактарга кешіп кетуге мәжбүр болды.
Аграрлык сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады. Зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардын саны артты. Егер 1970 жылы ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардын 26%-ін, колхоздардын 4%-ін камтыса, 1985 жылы совхоздардын 53%, колхоздардың 49% зиянмен жұмыс істеді. Ауыл, село енбекшілеріне енбекакы телеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе акшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы төлеу онын өнімділігінің өсуінен басып озды.

Республиканын жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы кейбір ізденістер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-жылдардың басында жүргізілген сансыз көп қайта құрулар, эксперименттер бағанын, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауыл шаруашылығының берекесін кетірді. Әбден болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарыска ұшырады. Істің жағдайын жана шешімдер кабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нэтиже бермеді.


XX ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер аткарылды, жұмысшылар мен кызметшілердін орташа айлық табысы едәуір өсті. 1970-жылдардын 1- жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жана енбекакы белгіленді, сн теменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардын кепілді енбек акысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлык алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен камтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетакы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен кызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және енбек мүгедектеріне айлык орташа зейнетакы 33 %-ке көбейтілді, ал 1975 жылы Отан соғысының мүгедектеріне косымша жеңілдіктер енгізілді.
Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені, мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасынын нашарлауы, тапшылықтың өсуі, снбекақы төлеудегі теңгермешілік және т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20%-ке өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Халык санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аягына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11-бесжылдықта гана республикада жоспарланған 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бакшасын салу жоспары орындалмады. Сейтіп, тоқырау кезіндегі келенсіз процестер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға каржы бөлудің «қалдықтық принциптері» калыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылган каржы ғана бөлінді.

3.Қорытынды


Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ен алдымен баскарудың әкімшілік-әміршіл әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалык ынталандыруды жоққа шығара отырып, калыптаскан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы телеу жүйесі енбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешкандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жана техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі Орталыктын әміріне бағыну республикадагы жагдайды одан әрі киындата түсті. 1980-жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет