Физикалық практикум


Қондырғының құрылысы және жұмыстың орындалу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет42/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113
Байланысты:
annotation88215

7.3. Қондырғының құрылысы және жұмыстың орындалу әдістемесі 
Қондырғы,  вертикаль  орнатылған,  ішіне  глицерин,  кастор  майы  құйылған  екі  мөлдір 
ыдыстардан  тұрады.  Цилиндрдің  сыртына  шардың  жүрген  жолын  білу  үшін  әрбір  10  см 
сайын  сызықтар  салынған.  Өлшеу  кезінде  диаметрлері  әртүрлі  (1мм 3мм  маңында)  болат 
шарлар қолданылады. 
 
7.4. Жұмыстың орындалу тәртібі 
7.4.1.  Микрометрдің  көмегімен  кішкене  шарлардың  (5 7  шар)  d  диаметрін  айналдыра 
отырып 3 рет өлшейміз. 
7.4.2.  Сұйық  бетінен  қандай  тереңдіктен  бастап,  шардың  қозғалысы  бірқалыпты 
болатынын  анықтау  керек.  Ол  үшін  шардың  1-ші  мен  2-ші  сызықтар  және  3-ші  мен  4-ші 
сызықтар арасын қанша  уақытта өткенін өлшеп, сол бойынша екі  жылдамдықтарды тауып, 
салыстыру керек. Егер осы екі аралықтағы жылдамдықтар тең болса, онда келесі өлшеулерде 
қозғалыстың бастапқы нүктесі ретінде 1-ші сызықты қабылдауға болады. 
7.4.3.  Шардың  60  см  (немесе  оқытушының  нұсқауымен  басқа  мән  болуы  мүмкін) 
жолды  бірқалыпты  қозғалыспен  жүріп  өткен  уақытын  секундомермен  өлшеңіз.  Осыны  әр 
сұйық  (глицерин  және  кастор  майы)  үшін  5 7  шармен  қайталаңыз.  Өлшеу  нәтижелерін 
төмендегідей  кестеге  түсіріңіз.  Өлшеу  жұмыстарын  аяқтаған  соң  ыдыс  ішіндегі  шарларды 
тордың немесе магниттің көмегімен шығарып алып, қорабына салып қойыңыз. 
 
 


63 
 
7.1 кесте. Глицерин үшін. Цилиндр радиусы  R=  мм. 
Шард
ың 
диаметрі, 
мм 
<
d
1
>
 
<
d
2

<
d
3

<
d
4

<
d
5

t-
уақыт, с 
 
 
 
 
 
 
 7.2 кесте. Кастор майы үшін. Цилиндр радиусы R=  мм. 
Шард
ың 
диаметрі, 
мм 
<
d
1
>
 
<
d
2

<
d
3
>
 
<
d
4

<
d
5
>
 
t-
уақыт, с 
 
 
 
 
 
 
7.4.4.  Шар  қозғалысына  ыдыс  қабырғасының  әсерін  бағалау  үшін  тұтқырлықты  (7.11) 
және (7.15) формулалары бойынша есептеп, нәтижелерін салыстыру керек.  
7.4.5. Алынған нәтиженің қателігін есептеңіз. 
7.4.6.  Кез-келген  бір  тәжірибе  үшін  (7.17)  формуласы  бойынша  Рейнольдс  санын 
есептеңіз. 
7.4.7.  (6.13)  формуланы  қолданып,  шар  қозғалысы  бірқалыпты  болатын  уақытты  және 
сондай уақытта шардың жүретін жолын 
0
0
х
 мөлшерлеңіз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет