Физикалық практикум



Pdf көрінісі
бет4/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
annotation88215

                                                     x=f(Q
1
,Q
2
,Q
3
…) 
мұнда х- табылатын шаманың мәні, Q
1
,Q
2
,Q
3
…- тікелей әдіспен табылған шамалар. Жанама 
өлшеулерге көртеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы тікелей өлшеу әдісімен табылған 
денелердің  геометриялық  өлшемдерін  пайдаланып,  олардың  көлемін  емептеп  табу, 
өткізгіштің кедергісін, ұзындығын және көлденең қимасының ауданын тікелей өлшеп, оның 
меншікті кедергісін табу, т.б. 
   Техника  мен  ғылымда  жанама  өлшеу  әдісі  кеңінен  қолданылады.  Себебі  көп  жағдайда 
тікелей  өлшеу  мүмкін  болмайды.  Мысалы,  миллиметрлік  немесе  сантиметрлік  өлшемдерді 
тікелей микрометр немесе штангенциркульдің көмегімен өлшеу оңай болса, астрономиялық 
қашықтықтарды, атом бөлшектерінің өлшемдерін тек жанама әдңстермен өлшеу мүмкін. 
   Тікелей және жанама өлшеулер әдістерімен алынған мәліметтердің арасында айтарлықтай 
принциптік  өзгешелік  жоқ  тек  өлшеулер  қателігін,  алынған  мәліметтердің  дәлдігін 
анықтауда әртүрлі әдістер қолданылыды. 
Жиынтықты  өлшеу  деп  бірнеше  аттас  шамаларды  бір  мезгілде  өлшеуді  айтады.  Бұл 
жағдайда, осы шамаларды олардың әртүрлі терулері үшін тікелей өлшеп ізделетін шаманы 
теңдеулер  жүйесін  шешу  арқылы  табады.  Жиынтықты  өлшеуге  мысал  етінде  кір 
тастарының  әртүрлі  терулерін  тікелей  өлшеп,  бір  тастың  массасын  біле  отырып, 
қалғандарының массасын анықтау жатады. 
          Айталық
1,2,2˟,5,10  және  20  кг  тастардың  массасын  анықтау  керек 
болсын(жұлдызшамен  дәл  сондай  номиналды  массасы  бар  тас  белгіленген).  1 
килограммдық тас  үлгі тас болсын. Біздің мақсатымыз осы үлгі тас арқылы басқа тастарды 
калибрлеу.  Ол  үшін  кір  тастарының  терулерін  өзгерте  отырып  өлшеулер 
жасаймыз(цифрлар  жеке  тастың  массасын  көрсетеді;
килограммдық  үлгі  тастың 
массасын білдіреді): 
1 =  1
үл
+a 
1 +1
үл
=2 + b 
2
*
 = 2 + c 
1 + 2 + 2
*
= 5 + d – және т.б. 
          Мұнда    a,  b,  c,  d  әріптері  кір  тастарының  массасына  қосылатын  немесе  алынып 
тасталынатын  жүктерді  білдіреді.  Осы  теңдеулер  жүйесін  шешсек,  әр  тастың  мәнін 
анықтауға болады.  
         Үйлесімді  өлшеу  –  екі    немесе  одан  да  көп  әр  аттас  шамаларды  бір  мезгілд  өлшеп, 
олардың  арасындағы  тәуелділікті  табу.    Үйлесімді  өлшеуге  мысал  ретінде  20°C 
температурадағы  өткізгіштің    кедергісін  және  іртүрлі  температура  өлшегіш  резистордың 
температуралық коэфициентін өлшеуді келтіруге болады. 



 
         Алынған мәліметтің дәлдігіне байланысты өлшеулер үш классқа бөлінеді: 
1.   Ең  жоғарғы  дәлдікті  өлшеулер  .Бұларға  эталондық  өлшеулер,  тұрақтыларды 
(әсіресе, универсал тұрақтыларды) өлшеу жатады. 
2.  Бақылау-сәйкестеу 
(контрольно-проверочные) 
өлшеулер
Бұларға 
өлшеу 
техникасының  жүйелік  қателігінің  белгілі  мөлшерден  асып  кетпеуін  және 
тағайындалған  стандартқа  сәйкес  келуін  қадағалайтын  мемлекеттік  бақылау 
лабараториялары жүргізетін өлшеулер жатады. 
3.  Техникалық  өлшеулер.        Олардың  дәлдігі  өлшеу  құралдарының  сипаттамаларымен 
анықталады.  Техникалық  өлшеуге  ғылыми-зерттеу  жұмыстарындағы,  өндірістегі  т.б. 
өлшеулер жатады. 
      Физикалық  шамалар  арасында  функциялфқ  байланыстар  бар  болғандықтан  олардың 
өлшем бірліктерін еркін түрде тағайындауға болмайды. 
      Еркін  түрде  тек  жеті  физикалық  шаманың  қлшем  бірліктері  тағайындалады.  Олар: 
ұзандақ (метр), масса (килограмм), уақыт (секунд), тмпература (Кельвин), ток күші (Ампер), 
жарық  күші  (канадела).  Негізгі  бірліктерге  қосымша  бірліктер  :  жазық  бұрыш  (радиан), 
денелік  бұрыш  (стерадиан).  Міне,  осылар  халықаралық  бірліктер  жүйесінің  негізгі  өлшем 
бірліктері  болып  табылады.  Қалған  шамалардың  бірліктері  олардың  негізгі  шамалармен 
қатынастарының  негізінде  қорытып  шығарылады.  Бұл  шамалар  туынды  шамалар,  ал 
олардың бірліктері туынды бірліктер деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет