Өлшеулер қателігі Қандай да бір физикалық шаманың сандық мәнін абсолют дәл өлшеу мүмкін емес.
Себебі, біріншіден, абсолют дәл өлшейтін прибор болмайды, екіншіден, адамның сезім
мүшелерінің мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан лабараториялық жұмыстардың немесе
басқа да техникалық өлшеулердің қорытынды мәліметтерін есептегендеолардың қателіктерін
көрсету міндетті. Пайда болу табиғатына қатысты өлшеуле қателіг жүйелік және кездейсоқ болып екі түрге бөлінеді.
Жүйелік қателіктер өлшегіш прибордың жетілмегендігінен, ақауынан, бастапқыда көрсеткіш жебесінің (стрелкасының) нөлде тұрмауынан және өңдеу әдістемесінің дұрыс қолданылмауынан пайда болады. Бір шаманы бірнеше рет қайталап өлшегенде жүйелік
қателіктің шамасы мен бағыты өзгермейді.Демек, жүйелік қателіктер прибор қателіктері ,
әдістемелік қателіктер және өңдеу қателіктері болып бөлінеді.