Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1).
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші
басылым
.
қозғалмайтынын жақсы білулері керек. Бұл неге булану біртіндеп өтетінін және неліктен
булан кезінде температураның төмендейтінін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Оқушылар өздерінің өмір тәжірибесінде булану процесімен жиі кездесетіндіктен,
оларға негізгі құбылысты класс тәжірибесіндегі бақылауға мүмкіндік бері керек. Кез келген
мектептің физика кабинеті жағдайындағы тәжірибелер қарапыйм және қызықты, тез есте
қалады. Булану жаыфндағы мәселені тәжірибесіз түсіндіру
сабақта аз уақытты алады,
ауызша баяндаумен оқушылардың көңілін аудару қиынға соғады. Булану құбылысын
меңгеру оқушылардың ой
-
өрісін кеңейтуде үлкен рол атқарады, сондықтан сабақтың көп
бөлігінде оқушылардың көңілі булану құбылысына ауғаны пайдалы.
Булану кез келген температурада өтетінін оқушыларға айту керек.
Булану
құбылысы әртүрлі сұйықтарда әртүрлі өтетінін көрсету керек.
Сосын екі шыны әйнекке судың немесе спирттің екі бірдей тамшысын
тамызып, оның бірін қыздырғыштың үстінде ұстап көрсету керек.
Оқушылар
қыздырылған әйнектен қыздырылмағанға қарағанда тамшының әлде қайда жылдам
жоғалатынын байқайды. Осының негізінде оқушылар булану қыбылысының
шапшаңдығы температураға байланысты деген қорытынды жасайды.
Қайнау
Күнделікті өмір тәжірибесінен оқушылар қайнау құбылысын күнделікті
бақылайтындығына байланысты класс тәжірибесінен бас тартуға болмайды. Себебі,
күнделікті өмір тәжірибесінде олар қайнау құбылысын тек үстіне ғана көреді де,
бетінде не болып жатқанын ғана байқайды. Сондықтан класста қайнау құбылысы
бойынша тәжірибелер жасап көрсеткен орынды.
Агрегаттық күйлердің арасындағы айырмашылықтар
туралы мәселені
неғұрлым тереңірек қарастырған абзал, өйткені бұл білім көптеген құбылыстарды
түсіндіруге мүмкіндік береді. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге
өткенде оны құрайтын молекулалардың өздері өзгермейтінін (әртүрлі
заттардың
молекулаларының бір
-
бірінен ерекшелігі болғанымен) баса айтып отырған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: