Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері



Pdf көрінісі
бет31/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—16 в 15.19.59

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері
 
Электр 
тізбегімен 
танысуды 
фронтальды 
тәжірибеден 
бастаған 
орынды.Тізбекті құрғақ гальвани элементтерінің батареялары немесе аккумляторлар 
(ток көзі), төменгі вольтты шам (қабылдағыш немесе электр тогының тұтынушысы), 
жалғағыш сымдар және кілттен (тізбекті басқару құралы) құрады. Класс тақтасына 
тізбектің сызбасын сызады, оны оқушылар дәптерлеріне сызып алады. Содан соң ток 
қабылдағышты тізбекке қосудың екі тәсілі жайындағы түсінікті беріп кетуге болады. 
8-
класта электр тогының бар болу шарты тұжырымдалмайды. Бірақ шын 
мәнісіде оқушылар бұл жағдай үшін электр зарядын тасушылар, электр өрісі және 
тұйық электр тізбегінің қажет екенін біледі. Мұнда барлығы тек металдардағы 
электр тогы жағдайында нақтылы қарастырылады, яғни заряд тасушылар туралы 
айтылмай, еркін электрондар жйында айтылады. 
Электр тізбегіндегі өтетін құбылыстың мәнін дұрыс ұғыну үшін, оның 
гидродинамикалық аналогиясына жүгінген пайдалы. 
Электролиттердегі электр тогы
 
Электролиттердегі электр тогын Е.Н.Горячкиннің электролиз наборының 
жәрдемімен көрсетеді.
Ең алдымен ыдысқа дистиляцияланған су құйып, екі көмір электрод салып, 
тізбекте ток жоқ екенін көрсетеді. Бұл тәжірибеде ең жақсы индикатор тізбекке 
тізбектеп қосылған электр лампасы болады. Ол берілген жағдайда жанбайды. Л егер 
ыдысқа тотыяйын ертіндісін қоссақ, онда лампы жарықтана бастайды, бұл тізбекте 
ток бар екенін көрсетеді. 
Электролиттердегі электр тогы –
бұл иондардың электр өрісіндегі реттелген 
қозғалысы деп қорытынды жасалды. 
Электр тогының әсері
 
Электр тогының химиялық әсерін өндірісте (алюминий, мыс және басқа 
металдар өндіру үшін, никельдеу, хромдау және басқалар үшін) қолданады.
Токтың жылулық әсерімен оқушылар күнделікті өмірде (электр плиткасы
электр үтіктері және басқалар) кездеседі. Алайда сабақта оны демонстациялау қажет. 
Әсіресе штативтер арасына керіліп, демонстарциялық үстелге орналастырылған 
және электр бөлгіш щитке қосылған нихром немесе никель сымдарының 
«қызарғанға» дейін қызғанын көрсететін тәжірибе әсерлі. 
Токтың магниттік әсері катушка мен темір өзгеше арқылы көрсетіледі. 
Мысалы бөлшектенетін трансформатордың 220 В катушкасын алып, онымен ток 
өткізсе, темір өзекшенің оның ішіне тартылғанын ол өзекшеге әртүрлі темір 
заттардың тартылатынын көруге болады.
Электр тогының механикалық әсерін магнит өрісіндегі тогы бар рамканың 
бұрылу мысалымен демонстарциялауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет