Михайло (Михаил) Васильевич Ломоносов – атақты
орыс ғалымы, химик, физик, физикалық химияның негізін
салушы. 1748 жылы заттардың сақталу және қозғалыс
заңын ашты, XIX ғасырда ашылған маңызды
физиологиялық зерттеу жұмыстарындағы зат пен энергия
алмасу процестері механизмінің негізін қалаушы.
Негізгі құрал-жабдықтар
Плетизмограф – мүшелердің қанға толуын зерттейтін аспап.
Кимограф физиологиялық процестерді графикалық тіркеуді
қамтамасыз ететін аспап (жүрек соғысы, тыныс,бұлшықеттің
жиырылуы және т.б.).
Механикалық кимограф тіркеу әдісін бірінші болып
ұсынған неміс физиологы К. Людвиг (1847) – қан
қысымының ауытқу графигін тіркеген.