Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)- жүйе, мүше, тін және жасуша деңгейінде жүретін тірі организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Сонымен қатар физиология тірі оргаизм мен жүйелердің бір-бірімен байланысын қарым – қатынасын зерттейді.
Физиологияның мақсат – міндеттері : 1.Организм мен олардың әрбір құрылымын,қызметін білу арқылы,болашақ мамандардың ойлау қабілетін жетілдіру.
2.Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрену арқылы диагностика дағдыларын қалыптастыру.
3.Әрбір адамға адам денсаулығын бағалау және әрі қарай нығайту тәсілін үйрету.
Физиологияның зерттеу әдістері: Физиология- эксперементальді ғылым. Көптеген физиологиялық үрдістер мен үдемелі өзгеріп отыратын құбылыстарды зерттеу әдістерін қолдана отырып ашып және осы тәсілдердердің бірнеше бағыттарын талдаған.
Физиологияның негізгі зерттеу әдісім – эксперимент болып табылады. Физиология экспериментальды ғылым ретінде дамыған. Экспериментальды физиологияның негізін салушы атақты ағылшын дәрігері Уильям Гарвей.
Бақылау әдістері
Бақылау әдістері-физиологиялық құбылыстарды әр түрлі әсерлерден соң қадағалауға мүмкіндік береді.Мысалы: Осы бақылау әдісі бойынша : У .Гарвей «Қан айналымының жалпы схемасы», Г.М.Мальпиги «Капиллярлар», Р.Декарт « Рефлекторлық қызметтің принцептері », М.В.Ломоносов «Материяны сақтап қалу » заңын ашқан.
Физиология процесстерді графикалық тіркеу
Графикалық тіркеу әдістері- бір мезгілде бір емес, бірнеше физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілмен жазып алу .
Ағзаларды тітіркендіру әдістері
Қазіргі кезде бұл әдісте электронды стимулятор қолданылады. Тітіркендіру әдістері – ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатында механикалық, биологиялық,химиялық,физикалық түрткілердің әсерін қолдану болып табылады.
Биоэлектрлі құбылыстарды зерттеу әдістері
Электрокардиография,электроэнцефалограмма, электромиография- тірі ағзадағы биоэлектрлік құбылыстарды жазып алуға зор мүмкіндік туғызады.
Өткір тәжірибе әдістері
Өткір тәжірибе әдістері – жануарларға вивисекция жасау арқылы олардың мүшелер мен ағзаларын оқшаулау тәсілі.
Созылмалы тәжірибе әдістері
Созылмалы тәжірибе әдістері – жануарларға тірідей операция жасап,жазылғаннан соң ұзақ уақыт бақылау. Бұл әдісті физиология ғылымына алғаш И.П.Павлов енгізген.
Аспаптық әдістер
Аспаптық әдістер – физиологиялық зерттеу нәтижесінде,ауруларды анықтау,емдеу шаралары бойынша арнайы аспаптар ұсыну.
Химиялық әдістер
Химиялық әдістер - физиологиялық химия тірі ағзада өтетін химиялық
процестерді зерттейді.