Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)



бет63/71
Дата17.12.2022
өлшемі367,64 Kb.
#57765
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Байланысты:
Физиология (гректі physis – таби ат, logos – ілім)

Қарапайым рефлекстер жұлын деңгейінде, күрделі- ми бағаны, ал өте күрделі рефлекстер ми кыртысымен кыртыс асты курылымдарда атқарылады. Өте курделі шартсыз рефлекстердің ішінде мынадай түрлерін атауға болады. 1-даралык-тағамдык, белсенді және селқос қорғаныш, зерттеу, бостандык, ойын. 2-түрлік-ата-аналык,жыныс рефлекстері. Бұлардын 1-сі организмнің дербестігін, ал 2-сі түрін сақтайды. Павлов жануарлардың туа біткен рефлексінің тетіктеріне өте зор мән береді. Өйткені бұл рефлекстерді ұғыну адами әрекеттің филогеніздік негізін құрайды жәе адамның өзін толық танып , жете меңгеру қабілеттерін жетілдіреді. Организмнің туа біткен іс-әрекеті сакталыс және қорғаныс рефлексі болып бөлінеді.
Сақталыс рефлекстер қатарына организмге тағам немесе оттегі келуімен байланысты іс-әрекеттің ыдырау өнімдерін шығару, тұкым жалғастыру және сақтау әсерленістері жатады
Қорғаныс рефлекстер бүтін организмді немесе онын бөлшектерін қатерлі, зиянды тітіркендірудің ықпал өрісінен аластатады. Организмге енген зиянды заттарды шығарады, зиянкес агенттерді жояды немесе заласыздандырады.
Симонов туа біткен рефлекстерді тіршіліктік, рөлдік және өздігінен даму шартсыз рефлекстері деп 3топқа бөледі.
Тіршіліктік шартсыз рефлекс организмнің даралық қасиетін түрін сақтауды қамтамасыз етеді. Оларға тағамдық, ішерлік, ұйқыны реттейтін, қорғаныс және бағдарлау, күшін үнемдеу рефлекстері кіреді.
Рөлдік шартсыз рефлекстер жеке түрлердің басқа өкілдерімен қатынасынан туады. Бұлардың катарына өзара жыныстық, ата-аналық, аймактык мінез-құлыктар жатады.
Өздігінен даму шартсыз рефлекстері жаңа кеністік –уакыт ортасын менгеруге,болашакка бағыт табады:зерттеу, еліктеу,ойын,бостандық,кедергілерді жеңу т.б.
108. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы.
1.Шартсыз рефлекстер-организмнын туа биткен жеке тұкым куалайтын қасиеті. Ал шартты рефлекс өмір сүре отырып,тәжірибе негізінде пайда болады.
2.Шартсыз рефлекс салыстырмалы тұрақтылығы бар.Шартты рефлекс тұрақсыз,өзгергіш келеді.Белгілі бір жағдайларга байланысты құралады,сақталады,жойылып отырады
3.Шартсыз рефлекстер нактылы кабылдагышка арналган тітіркендіргішке жауап ретинде пайда болады.Шартты рефлекс организм қабылдайтын кез келген тітіркендіруге әсерленеді.
4.Шартты рефлекс көбінесе улкен ми сыңарлары қыртысында тұйықталады.Шартсыз рефлекс жұлын және ми бағаны деңгейінде жасалады.
5.Шартты рефлекс тек шартсыздың негізінде олармен бірнеше рет бір мезгілде ұштастырылу нәтижесінде пайда болады.
6.Шартты рефлекстті қалыптастыратын түрткі шартты тітіркендіру деп аталады.
7.Шартты рефлекстің бәрі сигналдық ескерту ретінде қызмет атқарады.

109. Шартты рефлекстердің жіктелуі. Шартты рефлекстердің әртүрлі түрлері.


1.Қабылдау белгісіне қарай шартты рефлекстер экстрарецептивтік сырткы кабылдагыштык және интерорецептивтік ішкі қабылдағыштық болып екіге болынеді.Экстрарецептивтік шартты рефлекстерге сезім өзгешелігіне сәйкес көру,есту,иіс,дәм, түйсіну жане температуралык болады.Интерорецептивтік шартты рефлекстер ағза қабылдағышын шартсыз тітіркенумен ұштастырғанда қалыптасады.Бұл ағзаларда механикалық тітіркендіргенде ,оларды қысым көбейгенде, қанның химиялык құрамы,осмостық қысымы ,ішкі ортанын температурасы өзгергенде пайда болады.Бұл рефлекстер баяу қалыптасады.
2.Тиімділігіне қарай шартты рефлекстер вегетативтік және аспаптық болып 2 топқа бөлінеді.Вегетативтік шартты рефлекстер қатарына тамактану,журек-тамыр,тынысалу,жыныс рефлекстері кіреді.Аспаптық шартты рефлекстер бұлшықеттердің шартсыз қимыл әсерленісі негізінде ұйымдастырылады.Аспаптық іс-әрекеттің мәнісі -организм мен қоршаған ортанын қарым-қатынасының өзгеруінде.
3.Шартты рефлекстер тітіркендіру түріне қарай табиғи және жасанды болып жіктелген.Табиги шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің шын белгілеріне қалыптасады.Мәселен,тағамның иісіне немесе түріне сілекей бөлінеді.Ал әртүрлі талғаусыз тітіркендіргішерге тұйықталатын шартты рефлекстер жасанды болады.Табиги жагдайда шартты рефлекстер ортаның бірнеше тітіркендіргіштеріне ұйымдастырылады.Сондыктан оларды қарапайым және күрделі деп бөледі.Күрделі шартты рефлексті бірмезгілді және бірізді деп тағы жіктейді.Сонымен тізбекті шартты рефлекстер байқалады.
4.Шартты,шартсыз тітіркендірулердің қарым-қатынасына және ұштастырылған мерзіміне сәйкес шартты рефлекстер нақтылы және ілеспелі болып бөлінеді.Нақтылы рефлекстер шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің дәлме-дәл ұштастырылу жағдайларында қалыптасады.Сондай-ак қарапайым және күрделі түрлері де кездеседі.Оның бірмезгілді,бірізді және тізбекті түрлері де кездеседі.Ілеспелі рефлекстер нықтаушы тітіркендіргіш шартты сигналдын әсері аякталганда қосылса пайда болады.Сондыктан шартты тітіркендіргіш ретінде накты сигналдын өзі емес ,онын белгылы бир іздері жүйкеге әсер етеді.Мысалы,сілекей бөлінетін рефлекс шартты сигналдын әсері аякталган сон,2-4 минуттан кейын ғана құрылады.
110. Шартты рефлекстердің тежелуі.
Шартты тежелу –жүйкенің журе иемденген қасиеті.Ол шартты рефлекс сиякты құраладыүшартты тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады.
1.Ол тітіркендірулер нығайтылмаган жагдайда калыптасады.
2.Оны жаттыктыруга болады,ягни кайталаган жагдайда әсіресе жас кездерде рефлексті жасау жеңілдейді.
3.Шартты тежелудің көріністері жүйке жүйесінің даралама касиетыне байланысты.Кызба кісілерде , байсалды адамдарга караганда,шартты тежелу киын және баяу қалыптасады.
4.Шартты тежелу шартсыз рефлекстің нығайту күшінен тәуелді келеді.
5.Шартты тежелу бұрын қалыптастырылған рефлекстің беріктігіне байланысты болады.Мызғымайтын тұрақты шартты рефлекстер тежелуге,жаңа үйренгендерге қарағанда киын көнеді.
6.Тежелулер өзара әрекеттесіп,бірін бірі күшейтеді.
Шартты тежелуді өшіретін,ажырататын,шартты тежейтін және кешіктіретін деп 4 түрге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет