Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе


Электроэнцефалография әдістемесі, қалыпты жағдайдағы ырғақтардың жиілігі мен амплитудасы. АКНИ



бет23/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
физио СЕССИЯ

Электроэнцефалография әдістемесі, қалыпты жағдайдағы ырғақтардың жиілігі мен амплитудасы. АКНИ

Жауап:ең алдымен анықтама бере кетейін, электроэнцефалография деген бұл адамның миының жұмыс істеуін зерттеу әдісі болып табылады, ол мидың жеке зоналарының, бөліктерінің облыстарының биоэлектрлік белсенділігінің қосынды шамасын тіркеуге негізделген. ЭЭГ қазіргі кезде заманауи нейрофизиологияда, сол сияқты нейропатология мен психиатрияда қолданылады .
Электроэнцефалография мидың қызмет ету кезіндегі жағдайы туралы сандық және сапалық сараптама жасауға және оның тітіркендірушілер әсер еткен кездегі реакциясынның деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. ЭЭГ-ні жазу диагностикалау және емдеу жұмыстарында (әсіресе эпилепсия кезінде жиі пайдаланылады), анестезиологияда, сол сияқты ми қызметінің қабылдау, есте сақтау, бейімделу т.б. функцияларына байланысты іс-әрекетінің өзгерісін тіркеуде қолданады. Мидың электрлік белсенділігі өте төмен және вольттің миллионнан бір үлесіндей шамамен өрнектеледі; оны өте жоғарғы сезімталдықтағы арнайы приборлар мен күшейткіштердің, яғни электроэнцефалографтардың көмегімен ғана тіркеуге болатынын ескерте кетейін. ЭЭГ-ні аппараттардың кірісіне өткізгіштер арқылы жалғанған металл пластинкаларды бас сүйегінің бетіне қою арқылы жүзеге яғни іске асырады. Оның шығысында тірі ағза миының биоэлектрлік потенциалдары тербелісінің өзгерісін көрсететін графикалық бейнелеу пайда болады, олар электроэнцефалограмма деп аталады. ЭЭГ күрделі ми құрылысы іс-әрекетінің динамикасын, яғни бастағы ми қабығының нейрондарының денесі мен дендриттерінде дамитын синаптикалық үрдістерді көрсетеді.
ЭЭГ – фазалық жағынан және амплитудасы өзгеріп отыратын, әртүрлі жиіліктегі толқындардан тұратын күрделі қисық.
ЭЭГ-де амплитудалар мен жиіліктердің өзгерісіне қарай грек әріптерімен "альфа", "бета", "дельта" және «тета» белгіленген толқындардың түрлері ажыратылады. Осы түрлеріне сипаттама берсем:
• Альфа - ырғақ синусоидтар тәрізді ырғақты тербетіліс, жиілігі секундіне 8 рет, амплитудасы 50 мкв. Бүл ырғақ көзін жұ-мып қимылсыз психикалық тыныштық жағдайда отырган адамда, әсіресе мидың шүйде немесе төбе бөлімінде тіркеледі.
• Бета - ырғақтың жиілігі секундіне 13 реттен асады, ампли-тудасы 20-25 мкв, сәуле әсер еткенде мидыц шүйде бөлімінде аль-фа – ырғақты алмастырады және ой жұмысында, эмоция кезінде, тітіркендіруді бергенде пайда болады.
• Тета - ырғақтың жиілігі секундіне 4-8 рет, амплитудасы 100-150 мкв, көбінесе ұйықтаганда, гипокспя немесе жеңіл наркоз кезінде кездеседі.
• Дельта - ырғақ ең сирек, секундіне жиілігі 0,5 - 3,5 рет, амплитудасы жоғары 200-300 мкв. Терең ұйқыда, наркозда, гипоксия және мидың патологиясы кезінде тіркеледі.
Сау адамдарда ЭЭГ оның физиологиялық жағдайына байланысты ажыратылады. Сау адамның ЭЭГ –сында тыныштық күйдегі салыстырмалы жағдайын сипаттайтын екі түрдегі ритмді ажыратамыз,
• олар тербеліс жиілігі 8 – 13 Гц – пен, амплитудасы 25-55 мкВ сипатталатын
-ритм,
• тербеліс жиілігі 14-30 Гц, амплитудасы 15-20 мкВ - ритм. Мидың әртүрлі
аурыларында ЭЭГ-нің қалыпты бейнесінің біршама немесе аздаған ауытқулары пайда болады, оларға қарап зақымдану шамасы мен созылмалы түрін, мысалға ісіктер мен қан құйылу аймағының орны мен мөлшерін анықтауға болады. ЭЭГ – ні жазудың математикалық, сандық тәсілдері, спектрлік, корреляциялық және басқа да статистикалық сараптау әдістері, мидың потенциалдық өрісінің топографиялық картасын жасау ЭЭГ –нің қарапайым сипатын анықтауға және ЭЭГ арқылы бұрын бізге белгісіз, зерттеуге қажетті жасырын ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет