ЖЖІӘ тексеру мінез-құлықты сондай-ақ мидың қызметін зерттейтін әдістерінен құралған.Бұл жерде біз 10 әдісті сипатқа алсақ болады.
1.Шартты рефлекстер әдісі-бұл әдіс мінез-құлықты зерттеудің ең негізгі әдісі болып табылады.И.П.Павлов осы шартты рефлексті қалыптастыру үшін тәжірибегее иттерге сілекей бөлудің шартсыз түрін жүргізіп соның біршама ережеоерін анықтаған.
А)шартты және шартсыз тітіркендірулердің әсерлері бір сәтте ұштасуы керек;
Ә)шартты тітіркендіргіштердің әсері ерте берілуі керек
Б)шартты тітіркендіру тек бағдарлау рефлексн шығаратындай әлсіз болуы керек
В)ОЖЖ жоғары бөлімі қалыпты жағдайда болуы керек.
Г)тәжірибе кезінде бөгде нәрселер әсер етпеу керек
2.Қорғаныш рефлексі-мінез құлықты зерттеудегі нақыт әдістердің бірегейі болып табылады.Бұл ауыртатын тітіркендіргіштерді қолданғанда туатын шартсыз қорғаныс негізінде пайда болған.
3.Этология әдісі-бос,яғни бостандықта жүрген жануарлардың ерікті мінез-құлықтарын байқау,оларды киноға,видеоға,камераға түсіру арқылы байқауды біз этологи әдісі деп қарастырамыз.
4.Экстраполяциялық әдістер-жануарлардың туа біткен мінездерін тексеретін тәсілді айтамыз.
5.Амалдау әдісі-жануарлардың біркелкі фигурлары арқылы амалдау арқылы қабілеттерін анықтау.
6.Морфологиялық әдіс-қазіргі таңда нейроморфолгиялық салада өте кеңінен қолданған микроскопиялық,гистохимиялық тәсілдерден тұрады.
7.Клиникалық әдіс-бұл әдіс медицинада,физиологияда кеңінен қолданылған,бұл пациенттерде анықталған аурулардың сипаттамаларына талдау жасап,қайтыс болған адамдардың ми бөліктеріндегі өзгерістерімен салыстыру тәсілін айтамыз.
8.Физиологиялық әдіс,бұның өзі бізде бірнеше тәжірибелерден тұрады.Алып тастау әдісі,яғни экстрация әдісі-хирургиялық жолмен белгілі мүшелерді зақымдамай істен шығару.Тітіркендіру әдісі-ойлағыштық қабіілетті жүзеге асыру,мидағы құрылымның әрекетін тексеру үшін жүргізілетін әдіс.Электрофизиологиялық әдіс-адамның мінеіндегі әсерленісін және шартты рефлекстер қалыптасқан мидың нейронларынан пайда болады.
9.Биохимиялық әдіс-мидағы уақытша байланыстардың қалыптасуы және нығаюы кезінде пайда болған макромолекулаларың және белсенді заттарды талдайды.
10.Кибернетикалық әдіс-организмдегі жалпы заңдылықтарға арналған әдіс түрі.Ақпаратты қабылдау,өткізу,өңдеу,кері байланыс осылардың барлығын реттеуге қатысатын әдіс.