Физиологияның мақсаты, міндеттері және әдістері Физиологияның негізгі мақсаты



бет1/6
Дата17.10.2023
өлшемі43,2 Kb.
#116739
  1   2   3   4   5   6

  1. Физиологияның мақсаты, міндеттері және әдістері

Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік үрдістердің заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизімін анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке дамуы барысында түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу.
Клиникалық физиологияның міндеттері: 1) объективті физиологиялық параметрлер негізінде организмнің қоршаған орта факторларына бейімделуінің денсаулық деңгейі мен функционалды резервтік мүмкіндіктерін сауатты түсіндіруді қамтамасыз ету; 2) физиологиялық мәліметтерді әртүрлі аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу үшін пайдалану; 3) болашақта оны сақтау және жақсарту мақсатында денсаулық деңгейін болжау.
Физиологияның зерттеу әдістері:
Бақылау әдістер- Физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді.
Тіркеу әдістер- Физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.
Тітіркендіру әдістер- Тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық, биологиялық, химиялық, физикалық түрткілердің әсерін қолданады.
Электрофизиологиялық әдістер-Қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді тіркегіш мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
Өткір тәжірибе әдістер- Жануарларға вивисекция , олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды.
Созылмалы әдістер- Жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдісті физиологияға алғаш енгізген И.П. Павлов болатын.
Экстирпация - Ағзаны, мысалы, белгілі бір ішкі секреция безін алып тастау оның жануардың әртүрлі мүшелері мен жүйелеріне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет