Дауыстың биіктігі дауыс қатпарларының тербеліс
жиілігіне
тәуелді, олар өз алдына ұзындыққа, қалыңдыққа және оның
кернеуіне тәуелді. Дыбыс қатпарлары неғұрылым ұзын,
соғұрылым олар қалың және неғұрылым кернеу аз,
соғұрылым дауыс дыбысы төмен болады.
Дауыс биіктігінің өзгерісін көмейдің бұлшық етті аппараты
қамтамасыз етеді. Төмен дыбыстарды шығарған кезде
(өлең айтқанда) дыбыс қатпарларының тартылуы сондай
жоғары емес: дыбыс қатпарларын тартып тұратын
сақиналы-қалқанша тәрізді бұлшық еттер жұмыс істемейді;
дауыс бұлшық еттері (қалқанша-қалпақ тәрізді бұлшық ет)
белсенді болады, олар жиырылған кезде қалыңдап, соның
салдарынан дауыс қатпарларының қалыңдығын
жоғарлатады
Дыбыстың жоғарлауы сақиналы-
қалқанша тәрізді
Дыбыстың жоғарлауы сақиналы-қалқанша тәрізді
бұлшық еттің жиырылуынан пайда болатын дыбыс
қатпарларының тартылуы арқылы жүзеге асады.
Осы механизм белгілі бір шекке дейін жүреді.
Сақиналы-қалқанша тәрізді бұлшық еттер
максималды жиырылғаннан кейін дауыс
қатпарларының тартылуы мүмкін емес, осы кезде
басқа механизм жүре бастайды – дауыс
катпарларының тербелетін бөлімінің қысқаруы. Бұл
көлденең бұлшық еттердің жиырылуы арқылы іске
асады. Егер дыбыс қатпарларының тербеленетін
бөлімінің тартылуы мен қысқаруы белгілі бір шекке
жетсе, сонда фальцет механизмі іске кіріседі.
дауыс қатпарларының
тербеліс
Сонымен, дауыс қатпарларының тербеліс жиілігі,
яғни дауыс биіктігі екі фактордың өзара әсеріне
тәуелді – дыбыс қатпарларына ауа ағынының
қысымы және дауыс қатпарларының құрылымы
(ұзындығы, қалыңдығы, тартылу дәрежесі).
Француз физиологы Р.Юссон (P.Husson)
дауыстың пайда болуының басқа бір теориясын
ұсынды. Осы теорияға сәйкес дауыс
қатпарларынң тербеліс саны, яғни жиілігі дауыс
бұлшық еттеріне төменгі көмей жүйкесінің
талшықтары арқылы жететін жүйке
импултстерінің санымен анықталады. Юссон
теориясын қазіргі кезде емкім мойындамай отыр
Дауыс қатпарларының
Дауыс қатпарларының тербеліс жиілігі негізгі
тонның биіктігін көрсетеді. Көмейде негізгі тоннан
басқа қосалқа, немесе обертондар пайда
болады. Олардың дыбысталу жиілігі мен күші
көмейдің құрлыс ерекшелігіне, сонымен қатар
резонаторлық қуыстардың көлемі мен пішініне
(жұтқыншақ, ауыз қуысы, мұрын қуысы) тәуелді.
Обертондардың белгілі бір үйлесуі жеке
адамның дауысын, немесе тембрін анықтайды,
яғни осы дауыс, немесе тембр арқылы адамды
даусынан айырып, тани аламыз.
Дауыс диапазоны
Достарыңызбен бөлісу: |