Өкпе сыйымдылығы.
Өкпе сыйымдылығы. Қалыпты дем алып, дем шығарғандағы
ауаның көлемі орташа алғанда 600 смі. Бұл көлемді тыныс алу
көлемі деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ған дем алғаннан
соң,
демін шығармай тұрып, тағы да 1500-1800 смі ауаны сіңіруге
болады.
Мұндай көлемді қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем
шығарудан
кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1000-
1500 смі
ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл қалдық ауа. Қалыпты дем
шығарған кезде қалдық ауадан басқа, тек максималды дем
шығаруда
бөлінетін резервтік ауа көлемі болады. Резервтік ауаның көлемі
1500- 1800 смі. Сонымен, адам терең дем алғаннан кейін
терең дем шығару кезіне өкпеден шамамен 3500-4000 смі
ауаны шығарады. Тыныс алу, қосымша және резервті ауа
көлемі өкпенің тіршілік сыйымдылығы болып табылады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
адамның
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамның жасына,
жынысына және спортпен шұғылдану
ерекшеліктеріне байланысты болады. Әйел
адамдарға қарағанда ер адамдарда ӨТС
жоғары. Спортпен шұғылданып, жаттыққан кезде
ӨТС 5000-6000 смі дейін жетеді. 1-3 жастағы
балалардың ӨТС - 300-400 смі, 4-7 жаста - 440-
900 смі, 8-12 жаста - 1100-1600 смі, 13-16 жаста -
1900-2400 см