Физиологиясы орындағАН: дарибаева. Н


Дыбыс шабуылы. «Шабуыл» деген ұғым



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата07.01.2022
өлшемі3,16 Mb.
#19020
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
С-ЙЛЕУ

Дыбыс шабуылы. «Шабуыл» деген ұғым 

тыныштықта жатқан

дауыс қатпарларын іске келтіру сөйлейтін немесе



ән айтатын қабілетті білдіреді. Кейде дыбыс

шабуылын дыбыс бастамасы дейді. Үш түрлі 

шабуылды ажыратады: қатты, жұмсақ және дем

алуға дейінгі. Қатты шабуыл кезінде дауыс

қатпарлары дыбыстың басталуына дейін тығыз 

жанасады, содан шығарылатын ауа бітелген дауыс

саңылауы арқылы күшпен шығады және дауыс

қатпарларын тербеліске әкеледі. Қатты шабуыл

үшін дыбысталудың басында анық дыбыстың шығуы 

тән. Қатты шабуылға мысал бола алатын, бұл 

канағанатсыздықты білдіретін одағай сөздерінің

айтылуы. Мысалы, «Ах, бұл қандай жайсыздық!».




Жұмсақ шабуыл кезінде

дауыс


Жұмсақ шабуыл кезінде дауыс қатпарларының жанасу уақыты

мен ауа ағынының өте бастауы сәйкес келеді, және 



жанасудан кейін

дауыс қатпарлары вибрациялана бастайды. Жұмсақ



шабуылды

қанағаттанарлық сезімді айту үшін қолданады. Мысалы: 



«Япырай,

осында қалай жайлы!». Дем алуға дейінгі шабуылда дауыс



қатпарларының жанасуына дейін дауыс саңылауы арқылы дем

шығарылатын ауа өте бастайды, осы кезде ауаның қатпар 

шетіне үйкеленуі естіледі, тек содан кейін дауыс қатпарлары 

жанасып, дірілдей бастайды. Украиннің г әрпін және 

ағылшынның, немесе неміс тілінің һ әрпін дауысты дыбыспен

айту дем алуға дейінгі шабуылға мысал бола алады. Мысалы, 

Ганна (украинша айтқан кезде) немесе неміс тілінде haben.

Нәрестелердің даусын шығарып шынғыруы қатты шабуылмен, 

ал олардың былдырлап мәз болуы жұмсақ шабуылмен іске

асады. Гигиеналық жағынан жұмсақ шабуылдың маңызы зор, 

өйткені қатты шабуыл кезінде дауыс қатпарлары шамадан тыс

жиырылады.




Дыбыс пен сөйлеудің пайда 

болу қызметі

Дыбыс пен сөйлеудің пайда болу қызметі тыныс 



алу қызметімен тығыз байланысты, сөйлеу 

қызметінің перифериялық бөлімі тыныс алу 

мүшелері болып табылады. Сөйлеу аппаратының

перифериялық бөліміне осылар жатады: мұрын, 

ауыз, жұтқыншақ, көмей, трахея, бронхалар, 

өкпе, кеуде клеткасы және диафрагма ( сур.19). 

19 Сурет. Сөйлеу аппаратының құрылысы



Мұрын

Мұрын Мұрын тыныс алудың алғашқы мүшесі болып 



табылады. Ол иісті сезуге, сонымен қатар дауыс 

аппараты түтігінің түзілуіне қатысады. Мұрын сыртқы 

мұрыннан және мұрын қуысынан тұрады. Сыртқы 

мұрын сүйек-шеміршекті қаңқадан және жұмсақ

бөлімдерден тұрады. Маңдайдан басталатын 

мұрынның жоғарғы тар ұшы мұрынның тамыры деп 

аталады; одан төмен және алға қарай мұрынның

арқасы созылып жатыр, ол мұрын ұшымен 

аяқталады. Мұрынның қозғалмалы бүйір жақтарын 

мұрын қанаттары деп атайды, оның бос жақтары 

сыртқы мұрын тесіктерін немесе таңау тесіктерін 

құрайды. Сыртқы мұрын қаңқасының құрамына 

жоғарғы жақ сүйектерінің маңдай өсінділері кіреді (



ХРЯЩИ НОСА. ВИД 

СБОКУ



Мұрын қуысы бойынша 

кескіні


Мұрын қуысы бойынша кескіні: 1–төменгі қалқан; 2–ортаңғы 

қалқан; 3–жоғарғы қалқан; 4–төменгі мұрын жолы; 5–

ортаңғы мұрын жолы; 6–жоғарғы мұрын жолы; 7–жоғарғы 

жақ қуысы; 8–торлы жасушы; 9–негізгі қуыс; 10–мұрынның

кеңсірік шеміршегі. Төменгі қабырға, немесе мұрын 

қуысының түбі бір уақытта ауыз қуысының жоғарғы 

қабырғасы болып табылады. Мұрын қуысының түбі жоғарғы 

жақ сүйектерінің таңдай өсінділерінің ортаңғы сызығы 

бойынша өсіп кетуінен пайда болады және артқы жағынан 

таңдай сүйектерінің горизонтальды пластинкасымен 

толықтырылады. Ішкі, немесе мұрын қуысының ортаңғы 

қабырғасы – екі жаққа ортақ болып келеді. Сыртқы, 

немесе мұрын қуысының бүйір қабырғасы құрлысы 

жағынан күрделірек келген. Онда екі жақталулы жарғақтың

жартысына ұқсас болып келетін үш горизонтальды 

орналасқан сүйекті бастамасы болады. Сыртқы 

қабырғаның төменгісі сүйекті, ал ортаңғы және жоғарғы 

бөлімдері торлы сүйектің өсінділері болып табылады.



ПОЛОСТЬ НОСА. 

САГИТТАЛЬНЫЙ РАЗРЕЗ




Кеңсірек шеміршегінің

астында


Кеңсірек шеміршегінің астында үш мұрын жолдары 

орналасқан: төменгі жарғақ пен мұрын қуысының

түбі арасында – төменгі мұрын жолы, ортаңғы және 

төменгі жарғақ арасында – ортаңғы мұрын жолы, ал 

жоғарғы және ортаңғы жарғақ арасында – жоғарғы 

мұрын жолы болады. Барлық үш мұрын жарғақтары 

қараған беттегі саңылаулы кеңістік ортақ немесе 

жалпы мұрын жолы деп аталады. Алдыңғы жағынан 

мұрын қуысы сыртқы мұрынмен жабылған, және тек 

оның төменгі бөлімінде мұрын кірісі (таңау тесігі) 

арқылы сыртқа ашылады. Мұрын қуысының артқы 

қабырғасы болмайды, ол артқы жағынан сопақша 

саңылау арқылы (хоана) жұтқыншақ қуысымен 

байланысады.



Мұрын қуысының барлық

жақтары


Мұрын қуысының барлық жақтары кілегейлі қабатпен 

қапталған. Мұрын жарғағының жоғарғы, ортаңғы 

бөлімдерін жауып жатқан кілегейлі қабатынан иіс сезу 

жасушаларымен аяқталатын иіс сезу жүйкелерінің

өсінділері бұтақталады. Мұрынның осы бөлімін иіс сезу 

аймағы деп атайды. Мұрынның қалған қуыс бөлімдері 

тыныс алу аймағы болып табылады. Эпителии астында 

кілегей бөлетін көптеген бездер орналасқан. Кеңсірік 

шеміршегінің кілегейлі қабатында, әсіресе төменгі 

бөлімінде кеңейген венозды түйісулерден тұратын үңгірлі 

ұлпа деп аталатын ұлпа болады. Осы түйісулердің

қабырғалары бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан 

тұрады. Қандай болмасын тітіркендіргіштердің әсерінен 

(температура, химиялық тітіркендіргіштер), сонымен қатар 

психикалық факторлар әсерінен үңгірлі ұлпа қанға толып, 

ісінуі мүмкін.



СТРОЕНИЕ ПОЛОСТИ 

РТА



Ерін және бет бұлшық еттері

Ерін және бет бұлшық еттері: 1 - жоғарғы ерін 



мен мұрын қанатын көтеретін бұлшық ет; 2 -

жоғарғы ерінді көтеретін бұлшық ет; 3 - кіші бет 

бұлшық еті; 4 - ауыз бұрышын көтеретін бұлшық

ет; 5 - улкен бет бұлшық еті; 6 - бет бұлшық еті; 7 –

ауыздың дөңгелек бұлшық еті; 8 - күлу бұлшық еті; 

9 - ерінді төмен түсіретін бұлшық ет; 10– ауыз 

бұрышын түсіретін бұлшық ет; 11 – шайнау 

бұлшық еті.




МЫШЦЫ ЯЗЫКА И ПОЛОСТИ 

ГЛОТКИ



Тістер екі доға түрінде 

орналасып

Тістер екі доға түрінде орналасып, жоғарғы және төменгі 



жақтардың альвеолаларында (ұяшықтарда) бекітілген. Әр 

бір тістің қаптамасы, тамыры және мойыны болады. Тіс 

қаптамасының пішініне байланысты күрек тіс, ит тіс, 

кішкентай және үлкен азу тістер деп ажыратылады. Күрек 

тістер мен ит тістер алдыңғы, ал азу тістер артқы тістерге 

жатады. Алдыңғы тістер бір тамырлы, ал артқы тістер екі-үш 

тамырлы болып келеді. 6 - 8 айлық балада алғашқы тістер 

шыға бастайды, оларды уақытша немесе сүт тістері деп 

атайды. Сүт тістерінің шығып аяқталуы 2,5-3 жасқа дейін 

созылады; олардың жалпы саны – 20. Сүт тістерінің орнына 

тұрақты тістердің шығуы 7 жастан басталып, 13-14 жасқа 

дейін жалғасады. Ал ең ақырғы азу тістері, оларды ақыл тіс 

деп те атайды 20-25 жаста, кейде одан ерте немесе кеш 

шығуы да мүмкін. Тұрақты тістердің саны – 32 (әр бір жақ

доғасында 16 тістен, он



АНАТОМИЯ ГЛОТКИ


Жұтқыншақ

Жұтқыншақ Жұтқыншақ - қабырғасы бұлшық етті 



болып келетін, воронка тәріздес қуыс мүше. Ол 

жоғарыда ми саутының негізінен басталып, төмен 

қарай өңешке жалғасады. Жұтқыншақ мойын 

омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан. Оның

артқы қабырғасы омыртқаға бекітілген, бүйір 

жақтарынан дәнекер ұлпасы жауып жатады, ал 

алдыңғы жақтан мұрын қуысымен, ауыз қуысымен 

және көмеймен байланысады. Жұтқыншақтан алға 

қарай орналасқан үш қуыстарға сәйкес, 

жұтқыншақтың үш бөлімін ажыратады: жоғарғы, 

немесе мұрынжұтқыншақ, ортаңғы, немесе 

ауызжұтқыншақ, және төменгі, немесе 

көмейжұтқыншақ



Мұрын, ауыз және жұтқыншақ

құрлысының сызбанұсқасы

Мұрын, ауыз және жұтқыншақ құрлысының сызбанұсқасы: І –



мұрын қуысы, ІІ – ауыз, ІІІ – жұтқыншақ: а – мұрынжұтқыншақ; б –

ауызжұтқыншақ; в – көмейжұтқыншақ. 1 – қатты таңдай; 2 –

төмен түсірілген жұмсақ таңдай; 2а – жоғары көтерілген 

жұмсақ таңдай; 3 – тілше; 4 – жоғарғы орталық азу; 5 –

альвеолярлы өсінді; 6 – қатты таңдай;7 – төменгі орталық азу; 8 -

тіл; 9 – тіл ұшы; 10 – тіл арқасы немесе мойыны; 11 – тіл 

түбінемеме тамыры; 12 – көмей үсті; 13 – қалқанша тәрізді 

шеміршек; 14 – көмей және трахеяның жоғарғы бөлімі;15 –

өңештің басы. Мұрынжұтқыншақ жоғарыдан ми сауытымен 

шектелген, оның артқы қабырғасын омыртқа құрайды. 

Мұрынжұтқыншақтың алдыңғы қабырғасы болмайды, ол мұрын 

қуысымен хоана тесігі арқылы байланысады. 

Мұрынжұтқыншақтың төменгі шекарасы қатты таңдай 

деңгейінде өтетін горизонтальды жазықтық болып табылады. 

Тыныс алу кезінде бұл шекара шартты болып саналады, ал 

жұту кезінде жұмсақ таңдай артқа қарай жылжып, омыртқамен 

жанасады және бұл шекара мұрынжұтқыншақты жұтқыншақтың

ортаңғы бөлімінен бөліп тұрады.




ПОЛОСТЬ ГОРТАНИ


Көмей

Көмей Көмей шеміршек және жұмсақ ұлпалардан тұратын қысқа, 



кең түтікті мүше болып табылады. Ол мойынның алдыңғы бөлімінде 

орналасып, алдыңғы және бүйір жақтарынан терінің сырт жағына 

шығуы да мүмкін, әсіресе ол арық адамдарда байқалады. Көмей 

жоғары жақтан және артқы жақтан жұтқыншақтың көмей бөлімімен 

байланысады. Төменгі жақтан ол тыныс алу жолына (трахея) 

жалғасады. Бүйір жақтарында ірі мойын тамырлары мен жүйкелері 

орналасқан, көмейдің төменгі бөлімінің артқы жағы өңешпен 

жалғасады. Көмейдің ішкі жағы қалқанша безбен, мойын бұлшық

еттерімен және терімен қапталған. Көмей үш жұпты емес

(қалқанша тәріздес, сақиналы және көмей үсті) және үш жұпты 

(қалпақты, мүйізді және клинтәрісдес) шеміршектерден тұрады.

Қалқанша тәріздіс шеміршек көмейдің ең ірі шеміршегі болып

табылады. Ол бұрыс төрт бұрышты екі пластинкада тұрады. Ер 57 

адамдарда ондай бұрыш алға қарай орналасқан, оны кейде

адам алмасы деп атайды. Балаларда ондай байқалмайды, 

қалқанша тәріздес шеміршектің мөлшері қыз балаларға қарағанда 

ірілеу болады. Қалқанша тәріздес шеміршек пластинкаларының

байланысқан жерінде кескін болады, оны қолмен ұстап сезе

аламыз.



ЩИТОВИДНЫЙ ХРЯЩ


Қалқанша тәріздес шеміршектің

Қалқанша тәріздес шеміршектің екі пластинкасының артқы жақтарынан жоғары 



және төмен қарай мүйіздер орналасқан. Сақина тәріздес шеміршек барлық

көмейдің негізі болып табылады. Сақина тәріздес шеміршек қалқанша тәріздес 

шеміршектің астында орналасқан. Көмей үсті шеміршектің пішіні тілге немесе

жапырақшаға ұқсас, оның кеңейген бөлімі жоғары қарай және артқа қарай 

бағытталынған, ал тарылған жағы қалқанша тәріздес шеміршекке бекітілген. 

Көмей үсті шеміршегі қақпақша ретінде қызмет етеді: жұту қозғалысы кезінде

артқа қарай және төменгі жаққа түседі, ол көмей жолын жабады, яғни көмей 

қуысын тамақ пен сілекейдің түсуінен қорғайды. Қалпақ тәріздес шеміршектің

пішіні пирамидаға ұқсас, оның жоғары жағы жоғарыға бағытталынған, ал негізі

сақина тәріздес шеміршектің үстінде жатыр. Осы байланысқан жерді

сақиналықалпақты буын деп атайды. Әрбір қалпақ тәріздес шеміршектің

негізінде екі өсінді болады: алдыңғы-ішкі, немесе дыбысты, және артқы-сыртқы, 

немесе бұлшық етті. Дыбысты өсінді дыбыс қатпарларының бекітілуі үшін қажет, 

ал бұлшық етті өсінді көмейдің бекіну жері болып табылады. Қалпақ тәріздес 

шеміршектің үстіңгі жағында мүйіз тәріздес шеміршектер, ал қалпақты-көмей 

үсті қатпарларының астында төс тәріздес шеміршек болады. Көмейдің бұлшық

етті аппараты ішкі және сыртқы бұлшық еттерден тұрады.



ЩИТОВИДНЫЙ И 

ПЕРСТНЕВИДНЫЙ 

ХРЯЩИ



Көмейдің барлық бұлшық еттері

Көмейдің барлық бұлшық еттері жұпты (көлденең



бұлшық еттен басқасы). Сыртқы бұлшық еттер

көмейді бекітіп, оның төмен қарай және жоғары 

қарай қозғалуына мүмкіндік береді. Көмейдің ішкі

бұлшық еттері үш топқа бөлінеді: 1) дыбыс

байланыстарын тартып тұратын бұлшық еттер; 2) 

дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер; 3) 

дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер. Бірінші

топқа ең алдымен қалқанша-қалпақты, немесе

дыбысты бұлшық еттер жатады, ол дыбыс

қатпарларын түзеді (нағыз дыбыс байланыстары). 

Осы бұлшық еттің алдыңғы ұшы қалқанша тәріздес 

шеміршектің артқы беткейіне, ал артқы ұшы қалпақ



тәріздес шеміршектің дыбыс өсінділеріне бекінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет