талаптарды қояды.
Толық мағына беретін
сөздерді
Толық мағына беретін сөздерді, тіркестерді қосып
айту үшін ұзақ мерзімді дем шығару қажет. Ал дем
алу қысқа болу керек. Сөйлеу демінің ең басты
ерекшелігі осыда, яғни дем шығару уақытының ұзақ
болуында. Егер қалыпты жағдайда дем алу мен
дем шығару ұзақтықтары шамамен бірдей болса,
сөйлеу демі кезінде дем алу фазасы 5-8 есе ұзақ
болады . Қалыпты дем алу кезінде тыныс алу
қозғалысы (циклі) минутына 16-20 тең, яғни бір
циклге 3-4 секундтан; сөйлеу демінде тыныс алу
қозғалсы екі есе төмендейді,
осыған байланысты әрбір тыныс алу цикліне екі есе
көп уақыт жұмсалады (6-8 секунд). Бұл сөйлеу
демінің екінші ерекшелігі.
Ұзақ дем шығару үшін қор
ауаның көлемі де жоғары болуы
Ұзақ дем шығару үшін қор ауаның көлемі де
жоғары болуы ықтимал. Сөйлеу
кезінде дем
шығаратын ауаның көлемі, соған сәйкес дем
алғандағы ауа көлемі 1500-2000 смі дейін
жоғарлайды. Сонымен, сөйлеу кезінде дем алу
тек қысқа уақытты ғана емес, ол сонымен қатар
терең болуы қажет. Бұл үшінші ерекшелік.
Сөйлеу демінің келесі төртінші ерекшелігі, бұл –
сөйлеу кезіндегі дем шығарудың арнайы дем
шығару бұлшық еттерінің белсенді қатысуымен
іске асуында. Сөйлеу демінің ерекшеліктері
төмендегі кестеде көрсетілген: