Бағдарламаның ерекшеліктері мен айырмашылығы Бағдарламаның құрылымы: интеграция, тәжірибелік әдіс-тәсілдерге негізделген.
Материалды таңдау принциптері:
Қолжетімділігі. Тақырыптың мәтіндері оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын игеру деңгейіне және ағылшын тілінің дүниену тану құралы ретінде қолданылуына байланысты таңдалып алынған.
Құрылымы. Жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына сай алынған. Оқушылар тақырыпқа сай алынған текстер бойынша жұмыстанады.
Қоғамдық маңыздылығы. Бағдарламадағы материалдар ағылшын тілінде сөйлейтін елдермен танысу үшін, әлемдік көзқарастырын дамытуға, алған білімдерін диалогке түсу барысында қолдануына, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына ықпалдастырылған.
Жаңашылдығы. Оқушыларға журнал мен газет беттерінен алынған мақалалар мен Интернеттен алынған материалдар ұсынылады. Алынатын материалдар оқушылардың өз пікірлерін білдіруге, Британия мен Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін салыстыруға арналған жаттығулармен толықтырылған.
Пәнаралық байланыс. Факультативті курстың мазмұны қазақ тілі, тарих, география пәндерімен тығыз байланысты.
Бағдарламаның нормативті бөлімі Ұсынылып отырған факультативті курс бағдарламасы 1 оқу жылына, аптасына 1 сағатқа негізделіп құрылған. 34 аптаға жылына 34 сағаттан тұрады және 15 бөлімнен кіріспе (1сағат), 13 негізгі бөлім, қайталауға (1сағат)