10-семинар. Эпосты айтушы-жыршы, жыраулар.
Эпикалық жырды еске сақтап, кейінгі ұрпақтарға жеткізуде ақын жыршылардың еңбегі үлкен. Бірақ жырау, ақын, жыршылардың айырмашылығы бар. Өз жанынан өлең шығармай, эпостарды жатқа айтатын адамдарды жыршы дейді. Жыршылықтың төрт мектебі бар. 2-сағат.
11-семинар. Эпостағы тұтастану мәселесі
Эпостағы тұтастану мәселесінде батырлар бір орталыққа бағынады. Айталық Абылай төңірегінде қаншама батырлар бас қосады. Ал кейде батырдан батыр туады, ата жолын қуады. Мәселен «Қырымның қырық батыры» жыр дестесін айтуға болады. 2-сағат.
12-семинар. Тарихи эпос және шындық
Тарихи эпос өмірде болған оқиға негізінде туады. Қазақ тарихи жырлары Жоңғар шапқыншылығына, Қоқан, Хиуа хандығының озбырлығына және орыс отарлығына байланысты туған. Кейіпкерлеріде өмірде болған белгілі адамдар. 2-сағат.
13-семинар. «Қыз Жібек» жыры
«Қыз Жібек» жыры лиро-эпосқа жатады. Төлеген мен Жібек өз еркіндіктері үшін күреседі. Бірақ көре алмайтын озбыр (Бекежан) адамдардың әрекеті екеуінің мақсатын іске асырмайды. Жырды ғалымдар 17 ғасырда болған деп шамалайды. 2-сағат.
14-семинар. Қазіргі айтыс.
Қазір айтыс өнері ерекше даму үстінде. Бұл күндері есімдері елге танылған көптеген ақындар бар. Біріншіден, айтыста бұрынғы дәстүр жалғастық тапқан. Екіншіден, әлеуметтік кемшіліктер сыналады. Әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарып халықтың рухани сұранысын өтеуде. 2-сағат.
15-семинар. Балалар фольклоры
Балалар фольклорын кейле балалар орындаса, кейде үлкендер орындайды. Бұл топтағы шығармаларды, ойын фолькоры, әлпештеу поэзиясы, сұрамақ-қаламақ, драмалық ойын-өлеңдері сияқты түрлерге жіктейді. Балалар фольклорының танымдық-тәрбиелік мәні зор. 2-сағат.
СОӨЖ-на ұсынылған тақырыптар
Отбасы ғұрып фольклорын топтастыру мәселесі
Үйлену салтына және адам қайтыс болғанда айтылатын мұң-шер өлеңдері отбасы ғұрып фольклоры деп жіктелуі. Бұлардың жанрлық сипаты және тұрмыс тіршілікпен байланыста болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |