«Фольклор» атты пәннің басты мақсаты мен міндеті алғашқы қауымның ыдырау кезінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан фольклорлық мұра туралы біртұтас ұғым қалыптастыру



бет11/14
Дата13.11.2022
өлшемі301 Kb.
#49665
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ФОЛЬКЛОР КЕШЕН (1)

3-семинар. Бақсы сарыны. Қоштасу.
Бақсы сарыны ауырған адамды емдеу үшін айтылады. Бақсы өздерінің жындарын шақырып, сарын айтады, тапсырма береді. Қоштасу елден-жерден ауғанда айтылатын өлең. «Қозы Көрпеш» жырында Ай мен Таңсықтың қоштасу өлеңі бар. 2-сағат.


4-семинар. Қара, тарихи, ән өлеңдер.
Қара өлең 11 буынды, төрт тармақты болады. Өлеңнің ұйқасы а,а,б,а түрінде келеді. Бір шумақта бір ғана ой айтылады. Тарихи өлең болған оқиғаға байланысты туады, көлемі шағын өлең, ән өлең көбіне ән әуенімен айтылады және сүйіспеншілік сезімін арқау етеді. 2-сағат.


5-семинар. Мақал-мәтелдерді топтастыру
Мақал-мәтелді топтастырудың бірнеше тәсілі бар. Олар: альфавит бойынша топтастыру, энциклопедиялық топтастыру, генетикалық топтастыру, тірек сөздеріне қарай топтастыру, белгілі бір аймақ бойынша топтастыру. 2-сағат.


6-семинар. Жаңылтпаш, өтірік өлең
Жаңылтпаш пен өтірік өлең баланың тілін ұстартып, тез, дұрыс сөйлеуге үйретсе ал өте келе жастардың қиялын, ойлау қабілетін дамытады. Әсіресе бұл өлеңдер балалардың ой-өрісін, жатық сөйлеу дағдысын жетілдіреді, дамытады. 2-сағат.
7-семинар. Шешендік өнер тарихы
Шешендік өнердің тарихы ерте дәуірлерден басталады. Б.э.д. 6 ғасырда өмір кешкен Анахарыстың есіміне байланысты айтылатын шешендік сөздерді би-шешендердің ділмар сөздерінен бөліп қарауға болмайды. Небір дау-дамай шешендердің ұтымды сөздерімен бітім тапқан. Бұл өнер грекияда ертеде дамыған. 2-сағат.
8-семинар. Батырлық, сатиралық новеллалық ертегілер
Батырлық ертегілер – қаһармандық жырлардың қара сөзбен айтылатын түрі. Ал сатиралық ертегілердің кейіпкерлері бай, Қожанасыр, Алдар көсе т.б. Осылар арқылы әлеуметтік ортадағы кемшіліктер сыналады. Новеллалық ертегілер көбіне отбасы оқиғасы арқылы адамға ғибрат береді, үлгі көрсетеді. 2-сағат.
9-семинар. Аңыз, әпсана-хикаят
Аңыз – прозалық шығарма. Бұл жанр әу баста болған оқиғаны негізге алады. Яғни шындықтан тамыр тартады. Келе-келе нұсқалар пайда болады, өзгереді. Аңызды тарихи және топонимикалық деп бөледі. Ал әпсана-хикаят толықтай ертегіге айналып үлгермеген аралық жанр. 2-сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет