Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Бақсы сарынының бір үлгісіне талдау жасау



бет28/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Байланысты:
фк1

36. Бақсы сарынының бір үлгісіне талдау жасау
Діни-ғұрыптық фольклордың бір түрі – бақсы сарыны.Бұл дәстүр тәңірлік діннің басты нышаны бақсылық нанымымен сәйкес келеді. 
Философ-ғалым Ғарифолла Есім «қазақта бақсылық бары рас. Бақсыны шаман десек қателесеміз, себебі бақсы дінге қатысты емес, ол балгер, емші, қазіргі тілмен айтқанда дәрігер»- дейді. 
Оның негізгі сипаты — синкреттілігі. Бақсы сарынын орындаушы әрі ақын, әрі биші, әрі сазгер. Ол аруақтармен өлең-жыр арқылы тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге асырған.
Кез-келген адам бақсы бола алмайды, оны өз бетімен үйрену де мүмкін емес. Оның екі жолы бар. Біріншісі, белгілі бір бақсының ұрпағы болып қабілеттілік әкеден балаға дариды, екінші жолы әке-шешесінің қалауымен. Егер, болашақ туылатын баланың бақсының бойындағы барлық қабілетті дарытқысы келсе, әке-шешесі басы сары қойдан туылатын қозыны 90 күн өткеннен кейін құрбандыққа шалып, өз ауылындағы тұратын халыққа ас беруі тиіс. Ас бергеннен кейін, астан қалған жауырын сүйегін нәресте дүниеге келгенше сандықтарында сақтайды. Нәресте дүниеге келген бетте анасы емгізбес бұрын, қаншама жыл бойы сақталған жауырынды нәрестеге беріп, жауырынды нәрестеге жалатқызуы керек. Кейін, баланың жасы 10-12 жас аралығында толғанда балада алғашқы бақсылардың қабілеттері пайда бола бастайды.
Ерте кездерде бақсылар асатаяқ, кепшік секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланса да, негізгі құралы — құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан қасиетті қобыз.Бақсылар қобыздың көмегімен аруақтармен тілдесіп, адам емдеген, тағдырын айтып берген. Қобыз десе, біз әрқашан Қорқыт атамен тікелей байланыстарымыз. Қорқыттың күйлері мен сарындары, бақсы-балгерлердің болмысында, салттарында сақталған. Ә.Марғұлан: "Қорқыт ата - қазақ бақсыларының пірі, табынатын тәңірісі. Бақсылар оны әрдайым бабам деп Қорқытқа сиынып отырған".
Бақсыларда ауру иесін сауықтыру үшін жасалатын ең танымал бақсылардың рәсімі ауру иесіне жабысқан жаман рухты малға аудару рәсімі болып табылады. Мұндай рәсімнің куәгері болған, орыс зерттеушісі Г. Потанин: «Қазақтар қатты науқастанған кезде ақ сарыбас қойды құрбандыққа шалады», - деп жазады. Бақсылардың ұғымынша, жамандық иесі ешқашан өлмейді. Сондықтан да, адамға жабысқан немесе мазалаған жаман рухты ауырған адамнан басқа жаны бар тіршілік иесіне көшіріп жіберуге болады екен. Осы шамандық рәсімнің ұқсастығын моңғол халықтарынан көруге болады. Моңғол халықтары ауруларды өлімнен құтқару үшін, туыстарының бірі ауру адамның жанынан айналып, өзінің жанын қияды. Басты ерекшелігі осында.
Бақсы сарыны халық поэзиясына тән 7 — 8 буындық жыр немесе 11 буындық қара өлең өлшемінде құрылып, арнайы музыкалық сарынмен орындалған.
Ғұрыптық қимыл-әрекеттердің орындалу ретіне қарай бақсы сарындарын төмендегідей сюжеттік қабаттарға бөлуге болады:
1. Пірлерге сыйыну – бақсылардың «кіріспе сөзі».
2. Жын шақыру – негізгі бөлігі.
3. Жын қайтару – қорытынды бөлімі.
Пірлерге сыйыну бөлігінде олар пайғамбарлар, жалпымұсылмандық пірлерге немесе жергілікті әулие-әнбиелерге сыйынып, аруақ шақырады. Ал екінші бөлікте бақсылар өзінің барлаушы, сақшы жындары мен емге, дауаға көмекші жындарын шақыру дәстүрі жалғасады. Ал үшінші бөлік – жоғарыдағы екі желілік сюжеттің негізінен қайнап шығатын шешуші сәт. Өйткені бұл шақта бақсының болмыс-бітімі, толыққанды бе йнесі ашылып, қимыл-әрекеті қоса көрінеді. 
Мысалы:
Уа, терегім-терегім!
Бір күніме керегім.
Бейбақтың оты жанбайды,
Бейбақтың үйіне,
Шақырса қонақ қонбайды...
Мен, Жаманның ұлы Шақармын,
Көпті көрген мақармын!
Ойбай да терек, уай, терек!
Маған бір пәле тақалдың
Бұл Жаман бақсының сарынынан өзін жаманнан арашалап алғысы келіп, жоғары әлеммен байланысып тұратын тылсым күшіне «белгілі бір хабарды» жеткізіп, мәлім еткізіп тұрған жолдарды көреміз. Сарынның астарынан ешқандай нақты мағынаны көрмейміз, бірақ бұдан жынмен «контактіге» түсу үшін айтылатын «таныстыру» іспетті мәнде қолданылып тұр.
Қорыта келе, бақсылық – халықтың дәстүрлі дүниетанымның, идеологияның, мінажаттық ғұрыптардың, халықтық емдеу тәжірбиесінің қалыптасуына әсер еткен қазақ халқының этнографиялық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда, халық арасындағы бақсылардың қолданылатын өз рәсімдері мен қабілеттері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, діни сеніммен байланысын жоғалтқан. Қазақ халқын құрушы басты ру, тайпалардың арқасында ислам дініне кіргенімізге X ғасырдың шамасы болды. Соған қарамастан халқымыздың фольклорында, этнографиясында атадан балаға мұра ретінде қалып, бүгінгі өркениетіміздің мәдениетінде жойылып кеткен жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет