Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақтың халық прозасының жанрлық тектері мен түрлері



бет40/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Байланысты:
фк1

49. Қазақтың халық прозасының жанрлық тектері мен түрлері
Егер қазақ халық прозасын оның бұрынғы заманда атқарған қызметіне қарап топтастырып, сараласақ, онда ол үлкен екі топқа бөлінеді. Бірі – айқын көрінетін эстетикалық және ғибраттық функция атқаратын жанрлар (ертегінің бар түрі, мысал, хикаят пен әпсананың кей түрі). Бұлар көркемделген проза. Екіншісі – эстетикалықтан басқа қызмет атқаратын прозалық жанрлар (аңыз, әңгіме, хикая, миф). Ал бұл айтылғандар – көркемдігі қарапайым проза. Әдетте, айтушы мен тыңдаушылардың өздері де бұларды көркем шығарма деп қабылдамайды. Айтылмыш жанрлардың басты мақсаты – тыңдаушыларға тарихи, саяси, діни т.б. практикалық мәлімет, хабар беру. Сол себепті оларда шығарма мазмұнын көркемдей, әсірелей баяндау мақсат тұтылмайды. Керісінше, олар нақтылы және қарапайым сипатта баяндалады және сонысымен кәдімгі жай сұхбат-әңгімеге жақындайды.
Жалпы, фольклор жанрларының өмірге қатынасына байланысты атқарған қызметін сөз қылғанда, өте маңызды нәрсе – фольклордың көркемдігі. Көркем өнерге айналмаған фольклордың басты мақсаты – танымдық. Бұған халық прозасының ертегіге жатпайтын тобы кіреді, атап айтқанда: ауызекі әңіме, хикая, аңыз, шежіре, миф, әпсана, хикаят. Бұлардың міндеті – жас ұрпаққа белгілі дәрежеде маңайдағы табиғат, елдің өткенкеткен өмірі жайлы «білім» беру, тыңдаушыларды ел тарихынан хабардар ету. Сол себепті бұл жанрларда асыра көркемдеу, әсірелей суреттеу өте аз болады.
Сөз өнеріне, көркем дүниеге айналған фольклор жанрларының басты функциясы – эстетикалық, тәрбиелік болып келеді. Ондай жанрлар шығармаларында өмірді бейнелеу тікелей танымдық мақсат көздемейді, керісінше, адамды иландыру, сол арқылы тыңдаушыға үлкен әсер ету мақсатын көздейді, оны ләззатқа бөлеуге тырысады. Қазақ халық прозасының ертегі жанрлары түгелдей осындай қызмет атқарады. Көркем фольклор ретінде ертегі өмірді, болмысты танып-білу ниетімен айтылмайды.
Жалпы, С.Қасқабасовтың зерттеуі бойынша прозалық жанрларға:миф,хикая,әпсана, хикаят, аңыз, ертегілер жатады.
1)Миф-адамдардың дүниетанымының көрінісі.Көне мифтер арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жайлы сол кездегі адамдардың көзқарастары бізге жетіп отыр.Ежелгі адамдар өздері түсінбеген табиғат құбылыстарына, жануарларға арнап мифтер мен аңыздар шығарған.
Қазақ мифологиясында жұлдыздар жайлы, табиғат құбылыстары жайлы,ағаштар туралы, қанатты аттар жайында, қүстар жайында және сайтандар жайлы мифтер кездеседі.
Қазақ мифологиясында 40-тан астам кейіпкерлер бар."Қазақтың мифтік кейіпкерлері " атты кітапта қазақ фольклорындағы мифтік кейіпкерлерді 6 түрге жіктеген.
2)Хикая-шығыс-түркі әдебиеттерінде әңгіме, новелла мағынасында қолданылатын әдеби термин. Хикая - повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Xикая желісі шытырман сюжетке құрылады. Авторлары белгісіз. ауызша тарап, фольклорлық сипаталған Xикаялар да бар. Хикаяның өлеңмен жазылған түрі "хикаят" делінеді.
3)Әпсана-халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер.
Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді:
а)тapuxu-мекендік әпсаналар
ә)әлеуметтік-утопиялық әпсаналар
б) діни-кітаби хикаяттар.
4)Аңыз- Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет