Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақ халық өлеңдерінің үлгілеріне талдау жасау



бет46/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
фк1

55. Қазақ халық өлеңдерінің үлгілеріне талдау жасау
Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар.
Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған кобыз сарынына қосылып ән салады, би бнлейді және аруақтарға бағыштап олең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.
Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде қалыптасады. Оның бір ғана саласымен
шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп онердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — ән өнері.
Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән — өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз.
Әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған
Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрьлады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мүны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.
Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды
Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәүірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.
Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:
1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.
2) әннің әуені, яғни музыкасы.
3) әннің жанрлық ерекшелігі.
В.Я.Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихн әннің ел аузында сақталған улгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы — «Елім-ай» XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңгар шапқыншығына байланысты туған шығарма.
Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ олардың жүздеген үлгілерін атауға болады. «Қамажай», «Бипыл», «Сәулем-ай» секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге катысты бір ерекшелік — онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялык. параллелизмдердің басым кездесуі. 
Солардың бір үлгісі-Қамажай әніне тоқтала кетсем.Бұл әнді естімеген, тыңдамаған қазақ жоқ десек болады. Әуені тойларда жиі ойналатындықтан, құлаққа әбден сіңген. Содан да болар, тойға арналған қуаныш-думанның әні деп ойлайтындар бар. Тіпті, осы әннің әуеніне қазақтың ұлттық биін билеу де дәстүрге айналып кеткен. Оның авторының кім екенін осы күнге дейін бірде-бір өнер немесе музыка зерттеушісі анықтап, жарыққа шығарған емес. Оған тиісті мәліметтер мен деректердің қолдарына тимеуі де себеп шығар. Осы ән туралы арнайы хабар дайындап жүргізгенде де, бұрынғысынша «халық әні» деген тоқтамға келіп, бұл тақырыпты одан әрі қозғауға, зерттеуге талпынғандар болмады. Ән әлі де «халық әні» деп хабарланып, айтылып келеді.
Біз сөз етіп отырған «Қамажай» әнінің алғашқы атауы «Әуез-ай» болғанын, ол Құлеке батырдың әні екенін және қазіргі айтылып жүрген сөзі автордың өзінікі емес деген әңгімені алғаш рет 2009 жылы Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, 1973 жылы ауданда жаңадан құрылған «Жамшы» совхозының бірінші директоры болып тағайындалып, аталған шаруашылықты 1991 жылдың көктеміне дейін басқарған Қауаз Мұқажановтан естідім. 
Құлеке батырдың «Қамажай» әні бір уақытта Ақтоғай, Балқаш өңіріне кеңінен тараған ән болған. Бірақ, ән тарихы туралы еш жерде ештеңе жарияланбаған. Ән авторының есімінің аталмай, халық жадынан ұмыттырылуына алғашында «Әуез-ай» деген атпен танымал болған ән авторы Құлеке Қармысұлы батырдың Кенесары көтерілісіне қатысуы және патшалық Ресейдің саясатына қарсы шыққан қауіпті саяси тұлға ретінде есімін атауға, ол туралы жазуға тыйым салынуы себеп болған. 
1944 жылдың наурыз айы. Ол кезде аудан көлемінде автомобиль немесе басқадай транспорт жоқ, тек қана ат, өгіз, түйе көліктері пайдаланылады. Оның өзінде бір елді мекеннен екінші елді мекенге жеткізіліп, одан келесі елді мекенге алдыңғы елді мекеннің күш-көлігімен жеткізу дәстүрі қалыптасқан. Яғни, әр елді мекеннен көлік лаулайтын. Сол уақытта НКВД қызметкері Қайырбек Байсеркин аудандық партия комитетінің «Қызылжар» колхозының басқармасына «өзін Қарқаралыға жеткізуді тапсырған» хатын алып, бір көлікпен Қарқаралыға шығады. Жолда «Қызылжар» колхозына соғып, басқарма төрағасы Күзембай Спанбетовке хатты табыс етіп, көлігін кері қайтарады. Түнде Күзембайдың үйіне соғып, әңгімелесіп, демалады. Жөн сұрасып, танысып, біліскен соң Күзекең Қайрекеңе: «Біз – сіздердің елдеріңізбіз, ежелден құдандалы, жекжат елміз. Біз – Қаракесек Шордың ішінде Киікбай деген үлкен елміз. Киікбай ішінде Жандеркеден Ақбай, Сырлыбай, Қызылбай туады. Ақбайдан атақты Жақып (Алашорда басшыларының бірі, заңгер) туады. Қызылбай Петербургте оқыған, өзі ақын болыпты. Оған Сарым елі ішінде Шабанбай тармағынан Бекпенбеттің Досымбегінің Қамила деген қызын айттырып, қалың малын төлепті. Қызылбай ұрын барып, қалыңдығын көріп, көңілі толыпты. Қамила өте әнші кісі екен. Қамиланың салған әндері қатты ұнапты, әсіресе, бұрын естімеген Құлеке батырдың «Әуез-ай» әні ерекше әсер етіп, Қамиланы еркелетіп «Қамажайым» деп риза болып, «Әуез-ай» әнінің музыкасына «Қамажай» деген өлең шығарыпты. Оқуын бітірген соң Қарқаралыға ояз қарамағына (ол уақытта Қарқаралы уезд орталығы болып, қазақтар ояз атаған) қызметке тұрып, үйленбекші болады. Сол қызметке тұрар кезінде ел ішіндегі көреалмайтын адамдар Қызылбайды уландырып, Қызылбай 25 жасында қаза болады. Сонда Жандерке «Шордың (ру аты) арбасы дөңгелексіз қалды-ау» деп қайғырыпты. Киікбай елі ақылдаса келе сол елден шыққан, тағы бір тысқары жерден (Ресейден) оқып келген Тоқбергеннің Түсіпбегіне Қамиланы әмеңгерлік жолымен қосады. Одан туған Мұқамеджан Ақтоғай ауданында көп жылдар мұғалім болды.
Осылайша ән пайда болып,халық мұрасына айналған делінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет