Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


сұрақ.Қазақ халық өлеңдерінің ұйқас түрлеріне талдау жасау



бет49/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
фк1

58 сұрақ.Қазақ халық өлеңдерінің ұйқас түрлеріне талдау жасау
Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналған, 10 - 15 шумақтан аспайтын, ырғағы мен ұйқасы бар шағын поэтикалық шығарма.
Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек. 
Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары
мыналар:қара өлең ұйқас,шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқас түрлері.
1.Қара өлең ұйқасы.Бұл
- бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ,
бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін
көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі
1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Жаңағы
Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз он бір буынды
өлеңдерде ғана емес, 7,8 буынды өлеңдерде де бола береді.
Мысалы:
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді.
Бұл да жоғарыдағы Абайдан келтірген үзіндіміз тәрізді. 1-2-4-жолдары
ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында. «Аттың сыны»
өлеңінен алған, «аяңы тымақты алшы кигізгендей» деген үзінді 11 буыннан тұрса,
мына үзіндінің әр жолы 7 буыннан тұрады. Ал ұйқасы жағынан ешбір айырмасы жоқ.

2.Шұбыртпалы ұйқас.


Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін
ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары
да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі
аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен
келеді.
Мысалы:
Ереулі
атқа ер салмай,
Егеулі
найза қолға алмай,
Еңку-еңку
жер шалмай,
Қоңыр
салқын төске алмай,
Тебіңгі
терге шірімей,
Терлігі
майдай ерімей,
Алты
малта ас болмай,
Өзіңнен
туған жас бала
Сақалы
шығып жат болмай,
Ат
үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Ер
төсектен безінбей,
Ұлы
түске ұрынбай,
Түн
қатып жүріп, түс қашпай,
Тебіңгі
теріс тағынбай,
Темір
қазық жастанбай,
Қу
толағай бастанбай,
Ерлердің
ісі бітер ме?!
Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек
екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген
ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді.

3.Ерікті ұйқас


Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың
қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың
басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды.Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары
бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда
кездеседі. Мысалы:
Сіздер кейін тұрыңыз, Бірге туған ит еді,
Барайын жалғыз мен деді.
Жалғыз өзім барайын.
Әуелі алла анайым,
Мінген аты ала еді,
Хақ жаратқан құдайым, Атасы әйел демесең
Мал шыдамас жауырға,
Қарлыға қыз да ер еді.
Бұнда ұйқас бар. Бірақ белгілі тәртіппен шығып отырмайды. Мына келтірген
үзіндіні алсақ, 1-мен 2-жолы бос қалады. 3-мен 4-жол, 5-мен 6-жолы бір
ұйқасады. 7-жол алдыңғы 2-жолмен ұйқасады. 8-жолдың ұйқасы 4-жолға келеді.
9-жолдың ұйқасы 2-ге келеді. 10-жол бос қалады. 11-жол тағы 2-жолдың ұйқасымен бір.

4.Кезекті ұйқас


Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз.
Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде, Танымассың, көрмессің,
Мына сөзге көңіл бөл! Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса,
Имамсыздық намазда
Мейлің тіріл, мейлің өл! Қызылбастың салған жол т.б.
Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің
бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары
болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары
ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.

5.Шалыс ұйқас


Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір
түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол
ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.Шалыс ұйқас тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлеңдерден де
кездеседі.

6.Егіз ұйқас


Абайдың көп өлеңдерінде ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең
ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз.

7. Аралас келетін ұйқас


Біз келтірген ұйқастардың бірнешелерінен жиналып кеп жасалған ұйқастар бар.
Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы
ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп, бір шумақтың
өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады.
Осы сықылды ұйқастарды аралас келетін
ұйқас деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет