Фольклорлық прозадағы мотивтер жүйесі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі148,42 Kb.
#15517
1   2   3
Байланысты:
Фольклорлық прозадағы мотивтер жүйесі

Ертегілер.  Бұл  топқа  енетін  жанрларда  ерте  замандарда  пайда  болып, 

адамзат  тарихының  әр  кезеңінде  ӛзгеріске  ұшырап  отырған.  Ертегілер  кӛне 

мифтермен,  хикаялармен,  наным-сенімдермен  тығыз  байланысты,  ежелгі 

мифологияны  жетілдіре  пайдаланып,  қиялды  араластырып,  ғажайыптық 

сипатқа  ие  болған.  Тегінде  ертегі  ертегі  үшін  айтылмаған,  оның  белгілі  бір 

тәрбиелік  сипаты,  философиялық  ойлары  болады.  Оның  басты 




кейіпкерлерінің  іс-әрекеттері  болмыстан,  кеңістіктен  тыс  тұрмайды:  ол 

табиғаттағы  ӛз  орнын  қалай  ӛлшейді,  жаратылыстың  сан  түрлі  күштерімен 

қарым-қатынасы  қандай  болды,  қоғамдық-әлеуметтік  сатысы  қай  дәрежеде 

дамыды – міне соны сездіреді, соны аңғартады.  Таңғажайып ертегілердің ӛз 

заңы,  ӛз  табиғаты  бар.  Мәселен  ертегілерде  әйелдердің  кӛпшілігі  «ай  десе 

аузы, күн десе кӛзі » бар шетінен сұлу болып келеді. Олардың туған жері мұз 

тауының  ар  жағында,  от  тауының  бер  жағында.  Аспандағы  жұлдыздай 

алыстағы аруды алып келуге кәдімгі қарапайым шаруаның ӛзі аттанады. Сол 

жолаушы  жалғыз  ӛзі  не  кӛрмейді:  жыландар  елі,  аждаһа,  айдаһарлар 

ордасы... ол неге осыншама қауіпті жолға шықты? Әдетте сұлуды сүймекке... 

Бізге  жеткен  ертегілер  бірнеше  түрге  бӛлінеді,  және  олардың 

әрқайсысының  мотиві  әр-түрлі.  Мәселен,  хайуанаттар  туралы  ертегінің 

мотиві  –  аң-құстардың  пайда  болуы,  олардың  іс-әрекеттері  арқылы 

моральдық  қағиданы,  әдептілікті  уағыздау,сол  арқылы  кӛзделген  ойды 

немесе  тұжыырымды  дәлелдеу.  Қиял-  ғажайып  ертегілердің  мотиві  – 

адамның  арман-қиялы  жүзеге  асырылса  екен  деген  оймен  түрлі  ӛмірде 

болмаған,  болуы  ақылға  сыйымсыз  кӛріністердің  орын  алуы.  Кӛп  жағдайда 

қиял- ғажайып ертегілердің мотиві ӛзара сарындас келеді. Басты  қаһарман  - 

кенже  бала  (жалғыз  бала),  сондай-ақ  әлеуметтік  статусы  тӛмен  адамдар 

(тазша,  жаман,  қойшы)  болып  келеді.  Әлемдік  ертегі  фольклорының 

сюжетіне  кең,  терең  орныққан  мотивтердің  тағы  бір  түрі  –  кейіпкердің 

ғайыптан  тууы.  Ғайыптан  туу  мотиві  барлық  фольклорлық  қаһарманның 

ғұмырнамалық  баянында  тұрақты  орын  алып,  кӛне  мифтерде,  діни 

әпсаналарда, батырлық және ғашықтық жырларда, ертегілерде, аңыздарда да 

кездеседі.  

Қазақ  тарихи  аңыздарында  ғайыптан  туу  мотивінің  тотемдік,  аруақтық 

түсініктерге  негізделген  кӛне  үлгілерімен  қатар,  оның  феодалдық  қоғам 

шындығына  орай  ӛзгерген  түрлері  де  молынан  ұшырасады.  Әсіресе, 

қаһарманның  тӛтенше  жағдайда  дүниеге  келуі  сынды  феодалдық  қоғамның 

шындығына қарай ӛзгерген «тұрақты формуласы» жиі кездеседі. Бұл тұрақты 

формуланың  мән-мағынасы  –  кейіпкер  әкесінің  әміршінің  бұйрығымен 

жазаға  ұшырап,  болашақ  билеушінің  қарапайым  кісі  қолында  тәрбиленуі. 

Ғалым  В.  Жирмунскийдің  пайымдауынша,  қаһарманның  тӛтенше  жағдайда 

дүниеге  келтіру  халықтың  «қайырымды  билеушіні»  армандаған  аңсары  мен 

билеушінің  қалың  бұқарамен  демократиялық  байланысын  білдіреді/4/. 

Ғайыптан  туу  мотивіндегі  кӛне  түсініктер  қаһарманның  жай  қарапайым 

кісілерден  тегі  бӛлек  жан  екенін  кӛрсетуге  ұмтылса,  феодалдық  қоғам 

тұсында  сомдалған  қаһармандардың  бейнесінде  таптық  қоғамда  билік  үшін 

жүрген  саяси  талас-тартыстың,  күрестің  шындығы  кӛркем  бейнеленген.  Бұл 

кӛріністерге  халықтың  тегі  асыл,  әділетті  билеушіден  үлкен  жақсы  істер 

күткен арман-аңсарлары орныққан. Қаһарманның қарапайым жандардан тегі 

бӛлек,  айрықша  жаратылған  жан  екенін  білдіретін  белгінің  бірі  -  оның 

ерекше  түс  кӛруі.  Фольклорлық  қаһарманның  ерекше  түс  кӛруі  -  кӛнеден 

келе  жатқан  тұрақты  мотив.  Ол  –  атақты  қаһарманды  фольклорлық 

шарттылықпен идеализациялау тәсілдерінің бірі [5]. 



Міне,  фольклорлық  туынды  ӛзіндік  мотивтік  негіздерімен  идеялық, 

кӛркемдік жағынан салмақтанып, эстетикалық, тәлімдік қызметі арта түсетіні 

сӛзсіз.  Сондықтан  ғасырдан-ғасырға  алтын  қазына  боп  жетіп,  халық 

жолымен  табысқан  шақта,  тарих  бедерімен  қабысқан  шақта  оған  ӛлім  жоқ, 

ӛмір  шегі  жоқ.  Ӛн  бойында  халқымыздың  ақыл-парасаты  мен  тағылымын, 

мақсаты  мен  мұратын,  елдігі  мен  ұлттық  нышанын  арқалап,  салты  мен 

дәстүрін паш еткен осынау мұрамыздың келешекке беттеген жолы жарық әрі 

жарқын болмақ. 



 

Пайдаланылған әдебиет 

1. Қасқабасов С. Жаназық. – Астана, 2002. 

2. Пропп В. Я. Фольклор и действительность. – Москва, 1976. 

3. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1964. 

4. Садырбаев С. Фольклор және Жамбыл. – Алматы, 1996. 

5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет