Фонетика Фонетика дегеніміз не? Фонетика – тіл білімі ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бір саласы



бет2/3
Дата22.11.2023
өлшемі15,21 Kb.
#125100
1   2   3
Байланысты:
База қазақ тілі

1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.
15. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады.
16. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді:
Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар.
17. Қатаң дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?
Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады.
18. Ұяң дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?
Ұяң дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады.
19. Үнді дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады.
20.Буын дегеніміз не?
Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
21. Буын нешеге бөлінеді?
1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
22.Ашық буын дегеніміз не?
Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады.
23.Тұйық буын дегеніміз не?
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
24.Бітеу буын дегеніміз не?
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады.
25.Тасымал дегеніміз не?
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады.
26.Екпін дегеніміз не?
Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.
27.Екпіннің неше түрі бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет