Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді. 28.Сөз екпіні дегеніміз не?
Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. 29.Ой екпіні дегеніміз не?
Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. 30.Тіркес екпіні дегеніміз не?
Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. 31.Дыбыс екпіні дегеніміз не?
Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады. 32.Үндестік заңы дегеніміз не?
Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады. 33.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
1) буын үндестігі;
2) дыбыс үндестігі. 34.Дыбыс үндестігі деген не?
Түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. 35.Буын үндестігі дегеніміз не
Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. 36.Буын үндестігі грек тілінде қалай аталады?
Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. 37.Дыбыс үндестігі латын тілінен қалай аударылады?
Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин. 38. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: