|
Дыбыс – сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік. Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы. Фонема
|
бет | 2/4 | Дата | 07.01.2022 | өлшемі | 409,77 Kb. | | #20144 |
| Байланысты: фонетика және оның салалары - Дыбыс – сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік.
- Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы.
- Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір –бірінен мағына және
- форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі. Фонема туралы
- ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ.
- Фонема – тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі.
- Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен алмасып (чередования)
- тән. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп
- атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон деп атайды.
- Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба. Әріпті жазамыз, көреміз.
- Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамқ, көмей, дуыс шымылдығы, тамақ қуысы,
- ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. Дыбыстау
- мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.
- Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады.
- Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл
- пайда болады да, үн шығады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында, әсіресе,
- ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып
- екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар тіл,
- ерін жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|