5.Қай сөз тіркесіне көптік жалғауы жалғанбайды? а. Көп адам, аз бала ә. Әдемі көйлек, үлкен үй б. Қысқа жіп, ұзын көше
6.Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағының жалғауын ата. а. ң, ңыз, ың, ы ә. ым, ім, міз, і б. сы, сі, ы, і
7. Қосымшаны тап. а. арқылы ә. және б. лық
8. Тәуелді септеуде тұрған сөзді белгіле. а. Қаласын ә. Қалаға б. Қалашық
9. Табыс септігінің сұрағы? а. Кімнен?, неден? ә. Кімге?, неге? б. Кімді?, нені?
10. Барыс септікте тұрған сөзді тап. а. Достықтың ә. Достасатын б. Достыққа
11.Қосымшалардың орын тәртібін көрсет. а. Түбір, жұрнақ, жалғау ә. Жұрнақ, түбір, жалғау б.Түбір, жалғау, жұрнақ
12.Қалашықтарға деген сөзге талдау жаса. а. Түбір, жұрнақ, жалғау,жалғау ә.Түбір, жұрнақ, жалғау б. Түбір, жалғау, жалғау
13.Жіктік жалғауының І жағының жалғауын көрсет. а. сың, сің ә. бын, бін б. сыз, сіз
14. Ұйым деген сөзге қандай жалғау жалғанады? а. ды ә. дің б. ке
15. Үндестік заңына қай септіктің жалғауы бағынбайды? а. Ілік септік ә. Шығыс септік б. Көмектес септік
16. Тәуелдік жалғауының I, II жағынан кейін барыс септігінің жалғауын жалға. а. а, е ә. на, не б. сы, сі
17. Тәуелдік жалғауының III жағынан кейін көмектес септігінің жалғауын жалға. а. а, е ә. на, не б. мен, бен, пен
18. Барыс септігінің жалғауын көрсет. а. Үйіме ә. Бүгіннен б. Көшемен
19. Қазақ тілінде неше септік бар? а. 8 ә. 7 б. 6
20. Сөздердің қайсысы тәуелдік тұлғада тұр? а. Үйім ә. Сыныпқа б. Пәтерден
Морфология
ІV нұсқа 1. Қосымша түрлерінің қатарын көрсет. а. септеулік, демеулік ә. жалғау, жұрнақ б. жалғаулық, жекіру
2. Тәуелденген сөзді белгіле. а. Өміріме ә. Білімді б. Оқушысың