Фонетика
І нұсқа
1.Еріндік дауысты дыбысты көрсет.
а а, ә, е, у, ы ә. ә, е, ұ, ү, у б. о, ө, ұ, ү, у*
2. Дауыссыздар нешеге бөлінеді?
а. 2 ә. 3 * б. 4
3. Ашық дауыстыларды көрсет.
а ы, і, ұ, ү, о,ө ә. ә, а, е, о, ө, э * б. у, ә, ы, ө, о
4. Буынның неше түрі бар?
а. 4 ә. 3 * б. 2
5.Ұяң дауыссыздарды тап.
а. б, в, г, ғ, д, ж, з * ә. қ, т, с, ш, п, ф, щ, х б. м, н, ң, р, у, л, й
6. Тасымалданбайтын сөзді көрсет
а. АҚШ * ә.бақыт б. тәрбие
7. Қатаң дауыссыздарды көрсет.
а. г, ғ, д, ж, з,в ә. қ, т, с, ш, п, ф, щ, х * б. м, н, ң, р, у, л, й
8. Ашық дауыстылардың саны нешеу?
а. 7 ә. 6 * б. 5
9.Буын үндестігіне бағынбайтын түбір сөзді тап.
а. түбір сөз ә. кірме сөз * б. туынды сөз
10. Қай буынға екпін түседі?.
а. ортаңғы буынға ә. соңғы буынға * б. бірінші буынға
11. Езулік дауыстыларды тап.
а. о, ө, ,ү, ұ, у ә. а, ә, е, э, ы, і, и * б. ы, і, ұ, ү, у, и
12. Қысаң дауыстыларды көрсет.
а. о, ө, ,ү, ұ, у ә. а, ә, е, э, ы, і, и б. ы, і, ұ, ү, у, и*
13. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
а. Ашық, қысаң * ә. Еріндік, езулік б. Жуан, жіңішке
14. Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
а. Ашық, қысаң ә. Еріндік, езулік б. Жуан, жіңішке*
15. Еріннің қатысыны қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
а. Ашық, қысаң ә. Еріндік, езулік * б. Жуан, жіңішке
16. Жуан дауыстыларды ата.
а. ұ, о, ы, а * ә. ә, а, ұ, ү б. а, ы, ұ, э
17. Ашық буыннан құралған сөзді көрсет.
а. Болады * ә. Өрнек б. Атты
18. Бітеу буыннан құралған сөзді көрсет.
а. Балталы ә. Жаздық * б. Аз
19. Тұйық буыннан құралған сөзді көрсет.
а. Ас * ә. Тамақ б. Дәм
20. Қазақ тілінді неше әріп бар?
а. 38 ә. 43 б. 42*
Достарыңызбен бөлісу: |