Фонетика жєне оныњ салалары



бет13/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
Фонетика дарис (3)

Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің саны мен дыбыс-тың созылу уақытына тығыз байланысты болып келеді.Екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа қарағанда, екпін қабылдаған буын-дағы дауысты дыбыс созылыңқы, ашық дауыспен айтылады.

Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен тығыз байланыс-та болады. өйткені дыбыс толқынын тудыратын діріл қозғалы-сы күрделі болғандықтан, ол негізгі және көмекші тондардың қосындысынан тұрады. Көмекші тонды парциальды тон немесе обертон деп атйды. Дыбыс әуені обертонның санына, олардың дыбыс ырғағы мен дыбыс күші жағынан алғандағы негізгі тон-мен арақатынасына қатысты келеді.

Діріл ритмикалы және ритмикалы емес деп бөлінеді. Ритмикалы діріл дегеніміз дірілдің санының уақыт бірлігі бо-йында өзгермей, тұрақты болып қалуы, ал ритмикалық емес діріл – уақыт бірлігіне қарай діріл санының өзгеруі. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон пайда болады, ол сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылды-ғы мен ауаның дірілінен тұрады. Ритмикалық емес дірілдің нә-тижесінде салдыр пайда болады. Оған ерін, кішкене тіл, тілдің дірілі мен сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жуықтасуынан жасал-ған дыбыстар жатады. Дауысты дыбыстарға қатысты сөйлеу ті-лінде әуен не тембр деген ұғым қолданыс тапқан.

Дыбыстардың жасалуында резонанс айрықша қызмет атқаратындығы белгілі.

Дыбыстардың акустикалық сипатын анықтау барысында мына нәрселерге баса назар аударған жөн:

а) сөйлеу дыбыстарының күші өкпеден шыққан ауа күші-нің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады;

ә) сөйлеу дыбыстарының ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай анықталады;

б) дауысты дыбыстардың созылу қалпы дауыссыз дыбыс-тарға қарағанда басымырақ келеді;

в) дыбыс әуені сөйлеу кезіндегі ауыз қуысы мен мұрын қуысының көлемі және қалпына қарай айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет