Соларды көре тұра, қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! (А.Байтұрсынұлы)
6. Дауыссыз дыбыстар жүйесі.
1. Дауыссыз дыбыстар және олардың жасалуы.
2. Дауыссыздардың жіктелуі.
3. Африкат дыбыстар.
Жаттығу. Мәтінде кездесетін дауыссыз дыбыстарға фонети-калық талдау жасаңыз.
Тілі бардың ақысы кетпейді. Сөзі ырайлының жүзі шырай-лы. Жолдасы жақсы – жолды болар, жолдасы жаман – қолды болар. өнер көзі – халықта. Бала соққан кездіктің басы жарық. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Түсі игіден түңілме. Ит жоқта шош-қа үреді. Келбеті келгеннен кеңес сұра. Халуа-халуа дегенмен ауызға бәрібір түспейді.(Мақалдар)
Жаттығу. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
Бүгінгі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой – жаман індет,
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек.
Оқыса, басқа елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап, құмарланса,
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.
Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек.
Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,
Алты ауыл азғын болсаң қоян жүрек.
(С.Торайғыров)
Достарыңызбен бөлісу: |