Фонетика жєне оныњ салалары



бет44/80
Дата09.05.2022
өлшемі475,64 Kb.
#33450
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндай өзгерістер-дің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, эпентеза, редукция, абсарбция, синкопа, гаплология, эпитеза, метатеза, апокопа, эли-зия т.б. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік:

Протеза (грек.prothesis - алдында тұру) сөздің алдынан ба-сы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын же-ңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бо-луы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң да-уыстылар. Олар р,л дыбыстарынан басталатын кірме сөздің ал-дына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атаушы сөздер бұл дыбыстардан басталмайды. Ы: лаж, лай, лас, лашын, лау, рас, рақмет, разы, рай, рахат, ранг, распадия, рация.

І: леген, легер, леп, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регресс, ремс, редукция, республика, Ресей.

¦: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.

Ү: Рүстем, рөл.

Қазақ тілінде протезаның күші елеулі өз алдына буын бо-лып тұратындықтан, жазуда да жағаласып жүреді. Шынында, қазіргі көзі қарақты көкірегі ояу білімді қауымның айтуынша, р әсіресе л дыбысынан басталатын орыс сөздерінде протезаның күші әлсіреп барады. Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөз-дері протезамен айтылады. Араб-парсы тілдерінде де қос дауыс-сыздан сөз басталмайды. Парсы сөзі, бізде қосымша, -стан жазу-дың жұмысы. Дыбысталуы: ыстан (қазағыстан-бағ-ыстан) –істан (тәжіг-істан), үстан (Түрк-үс-тан, гүл-стан), ұстан (башқұрт-стан).



Эпентеза (гректің epenhesis – қыстырылу) сөз ішінде да-уыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Қазақ сөзде-рінің буын құрамында біртектес екі фонема дауысты мен дауыс-ты немесе дауыссыз бен дауыссыз тіркесі қатар қолданылмайды. Ал орыс тілі арқылы келген халықаралық және арабтан енген сөздердің көпшілігі осындай фонемалардың тіркесінен құрыл-ған. Ауызекі сөйлеу тілінің әдетінде осындай сөздер ішіндегі дыбыс тіркесінің арасында артық дыбысты қосып айту кездесе-ді. Мысалы: класс-кылас, аброй-абырой, наурыз-науырыз, пэма-пойэма, теория – тейория, театр –тейатр, Днепр – Дінепр т.б. осындай біртектес фонемалардың арасында артық дыбысты сыналап қосып айту эпентезиялық құбылыс болып табылады.

Редукция (лат.reducatian – қайырылу, кері қайтару) – ай-қын естілмей көмескілену немесе созылыңқылығының қысқа-руы нәтижесінде дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Негізінен редукция дауыстыларға қатысты, бірақ буындар мен сөздердің де түсуі кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет